Әріптеске көмектесу – парыз

Жаңалықтар
30.03.2018, 17:27
Оқуға 2 мин
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры, «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев наурыз айындағы кезекті қоғамдық қабылдауын «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткізді. Қабылдау комиссиясының мүшелері қатарында Қызылорда магистаральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов, Жолаушылар тасымалы «Батыс» филиалы өкілі Асқар Исалин, бөлімшенің персоналмен жұмыс бөлімі басшысы Нұрлан Бимұратов, кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаев және партия филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаевалар қабылдауға тіркелгендердің сауалдарын тыңдап, олардың оңтайлы шешілуін қарастырды. Бұл жолы өткізілген қоғамдық қабылдауға тіркелгендер арасында өткен жылдың соңында баспанасы өртеніп, далада қалғанда әріптестерінің қамқорлығының арқасында иыққа түскен ауыртпалықтың жеңілдегенін сезінгені үшін алғыс білдіруге келген Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Өмірхан Қариев пен өзі жолсапарда жүргенде үйі тілсіз жаудың құрбаны болған жолсерік Гүлжан Сералиевалар арнайы келіпті. Олар тосын жайдың әсерінен баспаналарынан айрылғанда қолдап көмек берген әріптестеріне, оларға ұйытқы болған бөлімше басшысы Аманкелді Қонысбайұлы Арысбаевқа арнайы алғыс айта келіпті. – Алты баламмен баспанасыз қалғанымда көптеп көмектесіп әріптестерім жиналып, қол ұшын созуға ұмтылды. Балалардың бәрі өрттен дін аман қалғанының өзі олжа, дегенмен қиын шақта қолтығымнан демеген әріптестеріме мың алғыс, – дейді . Еске сала кетсек, өткен жылы осындай екі тосын жағдай орын алғаннан кейін, бөлімше басшысы шұғыл кеңес отырысын өткізіп, болған жағдайды таразылап, мекеме басшыларына әркім қарым-қабілетінше көмек беруін өтінген болатын. Нәтижесінде қалыс қалған ешкім болмады, аймақ теміржолшылары 680 000 теңге көлемінде қаражат жинап, ол қаржы үйсіз қалған  екі әріптестеріне теңдей бөлініп берілген болатын. «Көп түкірсе – көл» деген осы.     Бұл жолы да  түрлі әлеуметтік сұрақтармен қоғамдық қабылдауға келгендердің өтініштері тыңдалып, олардың жағдайға қарай шешілу жолдары қарастырылды.   Қызылорда теміржолы басшылығының қоғамдық қабылдауды дәстүрге айналдырғаны халықтың да көңілінен шығып отыр.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?