Еленаның арманы

Жаңалықтар
30.03.2018, 17:45
Оқуға 3 мин
Оңтүстіктегі теміржолшы ағайынның спортпен айналысуын қалап, жарыстарға бастап барып, бабын тауып жүретін бір жан болса, ол – Елена Маньшина. 2001 жылдан бері Шымкент жол бөлімшесінің спорт нұсқаушысы міндетін атқаратын ол жанына спортсүйер теміржолшыларды жинап алып, ылғи да бір бастама көтеріп жүргені. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ ұйымдастырған республикалық  шараларға  қатысып, талай рет жүлделі орындарға ие болған Елена өмірін спортсыз елестете алмайтынын айтады. Ерекше сүйетіні, ақсүйектер ойыны – шахмат. Бірінші разрядты ойыншы. 2013 жылы теміржолшылардың республикалық спартакиадасында шахматтан   үшінші орын алған. Жолдасы Павел Маньшин Шымкент айналым локомотив депосында машинист, ол да шахматты жақсы ойнайды. Ал ұлдары  Артем шахматтан спорт шеберлігіне кандитат. – Бөлімшенің спорт нұсқаушысы болған соң бұрынғыдай жаттығуға көп уақыт жоқ, үйдегі «қарсыластарыммен» ойнап жаттығам, – деп күлді Елена. – Шымкенттік теміржолшыларды жарысқа дайындап, үнемі солармен бірге жүремін. Жалпы жарыссыз да түрлі спорттық шаралар ұйымдастырып, теміржолшылардың салауатты өмір салтына бетбұруына ықпал етуге тырысам. Әрине, бүгінде адамдардың спортпен айналысқысы келгенімен, тұрмыстың қиындығы алдыңғы қатарға шығып кетті. Алайда, анық қалаған адам спортты серік етуге уақыт табады. Жастар үнемі қимыл-қозғалыста жүруі тиіс. «Қимыл – көптеген дәрінің орнын басуы мүмкін. Бірақ, бірде-бір дәрі қимылдың орнын баса алмайды» деген екен Ибн Сина. Спортпен айналысуға қанша тер төксеңіз, уақытыңыз зая кетпейді. Спорт тек мықты денсаулық кепілі ғана емес, ұжымды біріктеретін шара. Шаршы алаңда ақ тер-көк терге түсіп, өз командасы үшін намысты бермей жатқан әріптесіне жаны ашыған адам, жұмыста да жақындық танытады. Қиындықта көмек береді. Қуанышын бөліседі. Спортты тек деннің саулығы үшін айналысады деп түсіну, меніңше, қате пікір. Мекемелерде спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрса, ұжым ұйымшыл болар еді. Бір-біріне жанкүйер болып, жаны ашып тұратындықтан, спорт адамдарды жақындастыратынын ұмытпау керек. Әсіресе,  қыз-келіншектердің  бір уақыт спортпен айналысуына отбасы да, мекемесі де жағдай жасаса екен, – дейді Елена. Еленаның жұмысына қолбайлау болатын – тендер жайы. Уақытында өтсе, жұмыстың жүргені. Ал кейде қағаздарын түгендеп, қашан тендер өтетінін күтіп, айтулы мейрамдардан ай өткен соң бірақ өткізілетіні қынжылтады. Сондай-ақ, Еленаның айтуынша, қазіргі таңда теміржолшылардың жұмыстан тыс уақытта спорттық кешендерде жаттығуға мүмкіндігі бола бермейтін бір себеп, баяғыдай теміржолдың өз спорттық кешендері жоқ екендігі, бәрі жекеменшік, ақылы. Егер футбол өткізетін болса, стадионды жалға алады. Бильярдтан жарыс өткізсе, тіпті қымбатқа түседі. Сондықтан шағын болса да спорт алаңы, спорттық кешен болса, теміржолшылар кез келген бос уақытта сүйікті спорт түрлерімен айналысуға сөзсіз уақыт табар еді деп армандайды өмірін спортсыз елестете алмайтын Елена. 

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?