Жүргізуші, саған айтам...
Темір жол өткелі – бұл теміржол мен автокөлік жолдарының тоғысқан жері болғандықтан жолдың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға көңіл бөлетін аса қауіпті де қиын бөлігі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғаларының көп бөлігі өткелде болады екен.
Сол үшін автокөлік жүргізушілерінің жол жүрудегі қарапайым талаптарды сақтауын тағы да ескертіп, арты аса ауыр зардаптарға соғатын оқиғалар мен заң бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында Маңғыстау жол дистанциясында 15 ақпаннан 15 наурызға дейін «Абайла! Темір жол өткелі» атты айлық жарияланған болатын.
Айлық аясында Өзен, Шетпе станцияларындағы өткелдерде қоғамдық тәртіп сақшыларымен бірге Маңғыстау жол дистанциясының қызметкерлері "темір тұлпар" тізгіндеушілерді біртіндеп тоқтатып, өткелден өту ережесін түсіндіріп, «асығыстық – шайтанның ісі» болатынын талай мысалдармен жеткізуге тырысты. Ескертпе кітапшалары таратылды.
– Жол қауіпсіздігі ережесінің 15.2 тармағында теміржол өткеліне жақындағанда жүргізуші орналасқан жол белгілеріне, бағдаршамға, шлагбаумның күйіне және теміржол өткел кезекшісінің берген нұсқаулығына мән беріп, пойыздың жақын маңда жоқтығын қарап өту қажеттігі тайға таңба басқандай анық жазылған. Автокөлік жүргізушілерін, сонымен қатар теміржол өткелінінде жол қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерімен таныстырдық. Атап айтсақ, теміржол өткелін жабық шлагбаумда немесе жабылып жатқан шлагбаумда, бағдаршамның немесе өткел кезекшісінің тыйым салған белгісінде өту, сондай-ақ теміржолға зақым келсе, 2-ден бастап 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл төлеуге тура келетінін еске салдық. Жол-көлік апатының тек материалдық шығынмен шектелмейтінін, ең бірінші кезекте жолға шыққан әрбір адам оны үйінде ет жақындары, бауыр, бала-шағасы күтіп отырғанын бір сәт те естен шығармауы керектігін тек жүргізушілер емес, жалпы жұрт жадында ұстауы қажеттігін жеткізуге тырыстық. Қысқасы, «жүргізуші, саған айтам, жалпы жұрт, сен де тыңда» болды мақсатымыз, – дейді Маңғыстау жол дистанциясы жетекші жол инженері Ерлан Аманжолов.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?