Азия кубогын сарапқа салды
Жаңалықтар
30.03.2018, 17:59
Шымкентте теміржолшылардың «Локомотив» клубының мүшелері және «Турон» жауынгерлік өнер федерациясының ұйымдастыруымен жастар мен ересектер арасында екі күнге созылған Азия кубогы болып өтті.
«ЖТ Шымкент» филиалындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев және кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайролла Сәрсеновтер кубоктың өтуіне барынша атсалысып, теміржол кәсіпорындары демеушілік жасады. Мұндай сайыс «Шымкент локомотив клубы» қайта қалпына келтірілгелі үшінші рет ұйымдастырылуда. Жауынгерлік өнерге жататын жекпе-жек, күрес, бокс, кидбокс, у-шу, таэквандо сынды спорт түрлерінен өткен жарысқа 9-35 жас аралығындағы 80-нен аса балалар мен ересектер қатысты.
Бұл жолы да Өзбекстан мен Қазақстанның әр облыстарынан бөлек, Ресейден де үміткерлер келген. Келер жылы Қырғызстан жастары да қатысады деген сенім бар. Ұйымдастырушылардың бірі, халықаралық деңгейдегі еңбек сіңірген спорт шебері Алекстандр Теннің айтуынша, Өзбекстан мен Ресейдегі «Локомотив» клубы жоғары деңгейде жұмыс істейді. Шымкенттіктер де келешекте көршілердің деңгейіне жеткісі келеді.
Қазір әр елдегі «Локомотив» спорт клубтарының арасында «Азия кубогы» сайысы жүруде. Осы жолы Шымкентте сәтті өтсе, күнтізбелік жоспарға енгізіп, жыл сайын халықаралық турнир деңгейінде ұйымдастырмақ. Тек балалармен ғана емес, ардагерлермен, мүгедектермен де жұмыс істейді. Одан ешкім спортшы болып кетпесе де, өмірге деген құлшыныстары оянып, салауатты өмірді салтқа айналдырса, соның өзі жеткілікті.
– Балаға спортты мәжбүрлеп, зорықтырып үйретпеген абзал. Бала спортты өзі қаласа ғана жақсы көріп айналысады. Кейде ата-аналар балаларының ай сайын бір спорт клубынан шығып, екіншісіне жазылатынын айтып, шағымданады. Менің 5 жасар қызды дайындап жүргенімді көргендер «осыған да уақыт бөлесің бе?» деп күледі. Егер балаға қызық болса, неге уақыт бөлмеске? Бес жасынан келген бір шәкіртім қазір 15 жасар бойжеткен. Үзбей спорттың бір түрімен айналысып, белгілі бір жетістіктерге жетті. Біз олардан жауынгер жасамаймыз, тек денсаулығын шыңдап, салауатты өмір салтын қалыптастырғанын қалаймыз, сосын әрине өзін өзі қорғай алғаны да жақсы баланың. Жалпы спортты тұрақты серік еткен бала жаман әдеттен аулақ болады, – дейді дүниежүзілік «Турон» жауынгерлік өнер федерациясының аймақтағы өкілі Александр Тен.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл