Құрт ауруымен күрес

Жаңалықтар
30.03.2018, 18:02
Оқуға 2 мин
Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ақпараты бойынша 2017 жылы облыста 363 туберкулез ауруы тіркеліп, соның ішінде көліктегі  жұмысшылар арасында, яғни «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарына қарасты мекемелерде құрт ауруының 2 дерегі кездескен.    Бұл арқаны кеңге салатындай жағдай емес. Өткен жылы теміржолшыларда құрт ауруымен аурушаңдық деңгейі  артпаған, бірақ азаймаған да. Салыстырмалы мерзімдегі сан сақталған. Сондықтан Маңғыстау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында туберкулез ауруларына қарсы күрес туралы іс-шара жоспарын жасақтап, қажет жұмыстарды жүргізуде екен.       – Анықталған науқастармен қарым-қатынаста болған қызметкерлердің тізімі алынып, олардың 3 жылдық флюорографиялық қорытындыларын қарап шықтық.  Және барлық жұмысшылардың уақытылы тексеруден өтуі қадағаланып, флюорографиялық бақылауда болғанына жарты жыл толған жұмысшыларды қайта өткізу жөнінде санитарлық нұсқамалар берілді. Сырқатқа шалдыққан  теміржолшылар бүгінде өз орындарында жұмыс жасап жүр. Олар диспансерде қажет ем-домын алып, емделіп шықты, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасова.       Оның айтуынша, басқарма дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай тағы да біраз шараларды ұйымдастырыпты. Теміржол мекемелері қызметкерлерінің,  әуежай  жұмысшыларының медициналық бақылауымен айналысушы мамандармен семинарлар өткізген. Сондай-ақ арнайы дәрістер оқылып, туберкулезден сауықтыру туралы парақшалар таратылған. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес салауатты өмір салтын құру, белгіленбеген жерден темекі тартуға тыйым салу, темір жол, әуе көлігіндегі жұмысшылар арасындағы жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оның мониторингі бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылған.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?