Оқушылармен кездесті

Жаңалықтар
29.05.2018, 12:14
Атырауда темір жол бойында жаяу жүргіншілер өтетін арнайы бірнеше аспалы көпір орнатылған. Осындай көпір қала аумағында орналасқан Ақжайық станциясы бойында да бар. Соған қарамастан, жаяу жүргіншілер пойыз астынан өтіп кетуге әуес.  Бұл көпірдің қала тұрғындары үшін алар орны ерекше екені де белгілі. Өйткені Сырым Датов көшесі бойындағы Атырау жол бөлімшесі маңындағы үйлер мен темір жолдың арғы бетіндегі Химпоселок ауылы тұрғындары үшін көпір күнделікті жұмысқа, оқуға, басқа да шаруаларына барар қатынас жолы, оларға автобуспен бүкіл қаланы айналып өту тиімсіз. Жаяу да болса осы көпір арқылы, төтесінен өте шыққан әлдеқайда тез. Соның өзінде оқушылар пойыз жолымен өте шығуды қалайды. Соған орай мамыр айының 23-і күні көлік прокуратурасы, ЖІІБ өкілдерінің және Ақжайық станциясының инженері А.Дюсенбаевтың қатысуымен Атырау қаласы, М.Әуезов атындағы №4 мектепте «Темір жол – қауіпті аймақ» темір жолдағы қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Келген мамандардың бәрі де сөз алып, темір жол маңының өте қауіпті аймақ екенін, тек тәртіп сақтағанда ғана өмірге нұқсан келмейтінін айтып түсіндірді. – Жаяу жүргіншілер тек көпірден өтуі керек, себебі ол қауіпсіздік үшін қажет, станция бойында маневрлік жұмыстар жүреді, күндіз-түні пойыз қозғалысы толастамайды. Соған қарамастан көпірден өтпей, тұрғындардың рельстен тура өтіп шығам деуі орынсыз. Ақжайық станциясы арқылы Атырау қаласына келетін жүктің басым бөлігі түсіріліп, тиеледі. Бір жағынан, станцияға жапсарлас орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауытынан күніне ондаған пойыз шығып-кіреді, мұнай өнімдері тасымалданады. Ал олар өртке қауіпті. Кейбіреулердің шылым шегіп, қалдығын вагонға тастай салатындары да бар, одан өрт шықса, тіптен қауіп. Сол себепті қауіпсіздікті сақтау басты мәселе боп отыр. Тазалықты сақтап, шылым шекпей, арнаулы белгіленген жерден өтсе, бәрімізге тиімді болар еді, – деп оқушыларға ақыл-кеңесін берген Ақжайық станциясының инженері А.Дюсенбаев, балалардың сұрақтарына да жауап берді.  

Қосұйым Мұқашев, Атырау облысы

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады