Жел жылдамдығын анықтайтын құрылғы
Жаңалықтар
29.05.2018, 12:21
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлері Қияқты-Хантау телімінің ПК9 1439-шақырымына «М63М-1» анеморумбометр қондырғысын орнатты. Бұл құрылғы локомотив бригадаларына жел жылдамдығын анық әрі айқын көрсете алады.
– Жалпы, бұл телімде бұған дейін де мұндай қондырғы қойылған болатын. Биыл Қияқты-Хантау телімінің ПК9 1439-шақырымына жаңа құрылғы орнаттық. Шу-Шығанақ учаскесінде орнатылған бұл құрылғы Хантау станциясынан Қияқтыға бет алған пойыздардың локомотив бригадаларына анық көрінеді. Және олар әрбір он минут сайын пойыз диспетчеріне хабар беріп, жел жылдамдығын анықтап отырады. Бұл учаскеде жел жылдамдығы қатты, бір жылы контейнерлердің аударылып қалғаны да бар. Енді бұған мейлінше тосқауыл қойылып отыр. Өйткені, Хантау, Қияқты станцияларының қызметкерлері мен Шу-Шығанақ учаскесіндегі пойыз диспетчерлері, Шу локомотив пайдалану депосының локомотив бригадалары, Сарышаған локомотив айналымы депосының Шу-Мойынты аралығында қатынайтын бригадалары құрылғы нұсқаулықтарымен толық танысты. Сондықтан осы бағыттағы пойыз локомотив бригадалары анеморумбометрдегі желдің жылдамдығын диспетчерге және қарсы бағытта келе жатқан пойызға міндетті түрде хабарлау керек. Егер «М63М-1» құрылғысындағы желдің жылдамдығы сағатына 15м/секундты көрсететін болса, ЖТ-Жамбыл бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің диспетчеріне хабар беріп, шаралар қолға алынады. Бұдан кейін пойыз диспетчерлері Қияқты, Хантау станциясының кезекшілеріне бұйрық беріп, ол бұйрық ДУ-58 формасындағы журналға тіркеледі. Осылайша ескерту шаралары жедел қолға алынатын болады, – дейді ЖТ-Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков.
Ал бұл құрылғының уақытында орналасуына және жедел қолға алынуы бойынша жүргізілген жұмыстардың басы қасында ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің Шу аймағы бойынша орынбасары Серік Каликов пен Хантау станциясының бастығы Халим Есентай күндіз-түні жүрді. Жалпы, жаңалыққа жаны құмар жамбылдық теміржолшылардың бұл құрылғыны орнатудағы бастамасы өз нәтижесін де беріп отыр. Бүгінгі күні аталған учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде жұмыс өз жолына қойылды.
Ерман Әбдиев, Қияқты-Хантау
Суретті түсірген Петр Норкин
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады