Елорданың әуе қақпасы
Жаңалықтар
22.06.2018, 12:23

Санаулы жылдан соң тоқсан жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қарқынды дамуы елордасы Астана болып жарияланған сәттен бастау алды. Бүгінде әуежай тұрақты түрде шетелге шығатын 33 бағдарға, еліміздің ішкі 17 бағдарына қызмет көрсетеді. Жаз маусымының басталуымен ішкі рейс қатары тағы да 3 бағдармен толықса, шетел бағыты 5 бағдарға артып отыр. Мұның барлығы халықаралық әуежай басшылығының іскерлігі мен нақты жоспарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Астаналық әуежай тарихына көз жүгіртсек, оның іргетасы 1931 жылы қаланып, 1 желтоқсанда берілген екен. Осы уақыт ішінде әуежай талай танымал тұлғалардың ұшып келіп, ұшып кету сапарларына куәгер болды. Әсіресе, тәуелсіздік туы тұғырына қонғаннан кейін, қазақ елінің ордасын Астана деп жариялауы әуежайдың «өміріне» де көп өзгеріс әкелді. 2005 жылы әуежайда бірінші қайта құрылымдау үдерісі жүріп, бүгінде республика ішілік рейстерге қызмет көрсетіп, сағатына 750 адамды өткізуге қабілетті 2-ші терминал салыныпты.
- Егер 2005 жылы әуе кемелері үшін 33 тұрақ болған болса, бүгінде оның қатары 100-ден асады. Астаналық әуежай тарихындағы қайта құрылымдаудан кейін 33 өндірістік нысан салынды. Сондай-ақ, 2015 жылы бизнес-авиация үшін жаңа терминал іске қосылды. Ол чартерлік рейстерге қызмет көрсетеді. Осы жылы халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін жаңа терминалдың құрлысы басталды. Бұған дейін қолданыстағы Т2 терминалы жылына 3 миллион 400 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл жоспарланған көрсеткіштен едәуір артық еді. Сондықтан жаңа қондырғымен жабдықталған, заманауи терминалға сұраныс туды. Оның үстіне алда «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіндіктен, қалаға келетін қонақтар мен қатысушылардың саны артары сөзсіз еді. Сөйтіп, 2017 жылы Т1 терминалының құрылысы аяқталып, 5-ші маусым күні бірінші халықаралық рейс Астана – Мәскеу бағытында ұшатын Аэрофлот компаниясының жолаушыларына қызмет көрсетілген.
Еліміздің елордасы Астана болғандықтан қазірде әуежаймен ынтымақтастық орнатқан жаңа шетелдік авиакомпаниялар саны да артқан. Бүгінде Т1 терминалы халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді, ол сағатына ішкі және сыртқы рейстерге техникалық тұрғыдан, 2500 ден аса жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы көрінеді. Ал екі терминалды қоса алсақ, жылына 8 миллион 200 мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті. Жаз маусымында терминалдардан тәулігіне 15 мың жолаушы өтіп, ұшақтардың толтырылуы 80 процентті құрайды екен. 2016 жылға қарағанда 2017 жылы жолаушылар ағынының өсімі 25 пайызға артқан.
- Бұл біз үшін едәуір көрсеткіш. Негізі орташа өсім біз үшін 10 процент шамасын құрайтын. Бұл мамандандырылған ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу арқасында, жаңа шетелдік авиакомпаниялардың біздің нарыққа келуінің арқасында осындай жемісті нәтиже бар. Былтыр бір ғана «ЭКСПО» халықаралық көрмесі кезінде 1 120 000 астам жолаушыға қызмет көрсеттік. Мұндағы өсім де 25 % құрайды. Өткен жылы бірінші рет польшалық «LOT Polish Airlines» әуежелісі арқылы Астанадан –Варшаваға, венгрлік «Wizz Air» компаниясы арқылы Будапешттен – Астанаға, «Finnair» әуекомпаниясы Астанадан–Хельсинкиге, «Air China» әуекомпаниясы арқылы Астанадан – Бейжіңге және кері бағыттарда рейстер ашылды. Алдыңғы екі компанияның ұшу рейстері төмен бюджетті болуына қарамастан, аэробустары жолаушыларға өте қолайлы жасалған. Бұл біздің өткен жылдағы жетістігіміз. Биыл да жақсы жаңалықтарымыз бар. Үстіміздегі жылдың бес айында 1 700 000 ден астам жолаушыға қызмет көрсеттік, өсім 20 процентті құрап отыр, жазғы маусымға байланысты бірқатар жаңа рейстер ашылды. «Эйр Астана» әуе компаниясы Түмен, Қазан қалаларына, «Скат» әуекомпаниясы Сочи, Вильнюс, Челябинск, Краснодар бағыттарына рейс ашып, Томбы қаласына бағытталған бағдарды қайта іске қосты. Осы жаңа рейстердің ашылуына байланысты біз тағы да жолаушылар өсімін күтіп отырмыз. Оның үстіне, отандық тасымалдаушылар еліміздің сұранысқа ие ірі қалаларына қатынау жиілігін ұлғайтып отыр, сонымен қатар жазғы маусымға орай ішкі бағыттар бойынша Балқаш, Үржар, Үшарал қалаларына жаңа рейстер ашылды, – дейді әуежай мамандары.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұжымы бұл күнде транзиттік тасымал әлеуетін арттыруға ден қойып отыр. Әуежайдың алдына қойған мақсаты, Орта Азиядағы аймақтық хабқа айналу, яғни шетелдің үлкен қалаларын Қазақстанның қалаларымен байланыстыру екен.
«Қазір бізде транзиттік жолаушылар ағыны белсенді дамып жатыр. Егер 2016 жылмен салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы транзитті жолаушылар ағынының 40 пайызға өскенін байқаймыз» дейді әуежайдың баспасөз хатшысы Тілеген Әбішев.
Оның айтуынша, отандық әуе компаниясы транзитті жолаушыларға арналған арнайы бағдарлама дайындау үстінде екен. Бұл бағдарлама жолаушылар ағынын ұлғайтуға тамаша мүмкіндік болмақ. Ал әуежайдың өзіне келсек, транзитті жолаушыларға қолайлы болу үшін капсулді қонақ бөлмелерін іске қосу көзделген. «Мысалы, Павлодарға бағыт алған турист Астанаға келіп, Павлодарға ұшатын ұшағының уақыты келгенше, осы капсулды қонақ бөлмесінде демалуына болады», – дейді баспасөз хатшысы. Бұл қонақ үй осы маусым айының соңында, Астананың 20 жылдығы қарсаңында ашылмақ. Болжамды деректер, 2019 жылы транзитті жолаушылар ағынының бірнеше есеге өсетінін алға тартуда. Өткен жылы астаналық халықаралық әуежай арқылы 300 мыңға жуық транзитті жолаушы өткен. Көбінесе, транзитті жолаушылар Қытай-Еуропа бағытына қатынауда. Мысалы, қытай азаматтары Үрімшіден ұшып келіп, Астана арқылы Еуропаға сапар шегеді. Осылай барған оларға қаржылық жағынан да, жол уақытын қысқарту жағынан да тиімді екен. Білгеніміздей, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жүк тасымалын дамытуға да айрықша көңіл бөлуде. Өткен жылы «ЭКСПО» көрмесінің өтуіне байланысты 13 мың тонна жүк тасымалына қызмет көрсетілген.
- Биыл бірінші маусымнан бастап модульді жүк қоймасы пайдалануға берілді. Модульдік қойма әуежайдың перронға тікелей шығатын бақылау аймағында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 1100 шаршы метрден асады, әрі онда ішкі әуе бағыттары мен кедендік одақ елдерінен почта мен жүктерді қабылдап және шығаратын, сондай-ақ, трансферттік (транзиттік) жүктерді қабылдап және жөнелтетін аумақ қарастырылған. Жобамен жылына 12 мың тоннаға дейін почта мен жүктер өткізіледі. Нысанға автоматтандырылған дабыл жүйесі орнатылып, бейнебақылау қойылған.Биылғы жылдың шілде айында әуежай аумағында өздерінің сұрыптау орталықтарын ашу үшін отандық және шет елдік компанияларға қойманың қосымша аумағы жалға беріледі. Болашақта алыс және жақын шет елдердің ұшу бағыттарын арттырып, Қазақстанның облыс орталықтары мен жақын қалаларға тиесілі жүк көлемін Астананың әуе қақпасы арқылы өткізу жоспарланып отыр.Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы осы бағыт бойынша қызығушылық танытқан әріптестермен ынтымақтастық орнатып, оларға сапалы қызмет көрсетуге дайын, – деп түйіндейді сөзін Тілеген Әбішев.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
12.05.2025
Қазақстан мен БАӘ логистика және азық түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуде
Жаңалықтар
12.05.2025
Алты ел еуразиялық дәлізді қалыптастыру барысын талқылады
Аймақтар
12.05.2025
Шымкент вокзалы маңындағы алып сағат қайта іске қосылды
Жүк тасымалы
12.05.2025
Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан теміржолшылары жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады
Әлемде
12.05.2025
Қырғызстанда Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыты бойынша алғашқы тоннельдің құрылысы басталды
Әлемде
12.05.2025
CAF компаниясы жаңа Oxygène электр пойызын таныстырды
Жаңалықтар
10.05.2025
Павлодарлық теміржолшылар ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады
Жолаушылар тасымалы
09.05.2025
Астанадан Жеңіс күніне арналған тақырыптық пойыздар жолға шықты
Аймақтар
08.05.2025
Жамбыл жол бөлімшесі ҰОС ардагерін құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2025
ҚТЖ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс салған жара. Тұщыбектегі тағзым ескерткішінің тарихы
Темір жол тарихы
08.05.2025
Жамбыл теміржолшыларының ерлік жолы
Темір жол тарихы
08.05.2025
Соғыс жылдарындағы шойын жол шежіресі
Темір жол тарихы
08.05.2025
Сұрапыл жылдар шындығы
Жолаушылар тасымалы
08.05.2025
ҚТЖ жазғы кезеңде қосымша бағыттарды іске қосады
Мұрағат / Жаңалықтар
08.05.2025
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің 2025 жылғы 8 мамырдағы арнайы саны
Жаңалықтар
06.05.2025
«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орай ағаш отырғызылды
Жолаушылар тасымалы
06.05.2025
«Keruen Express» туристік пойызы сапарға аттанды
Жаңалықтар
06.05.2025
«Батырлар ұраны» шырқалған кеш
Аймақтар
06.05.2025
Семейде өрт сөндіру пойызы қоймадағы өртті өшірді