Табылған ақыл

Жаңалықтар
22.06.2018, 15:53
Оқуға 3 мин
Елорданың көркін ашқан заманауи ғимараттың бірі де бірегейі – «Астана – Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешеніне алғаш келдіңіз бе, осындай алып ғимаратта адасып кетемін деп қорқасыз ба? Кешен туралы толығырақ білгісі келетіндерге арнап вокзал ұжымы әлеуметтік желілер арқылы «Вокзалмен танысу – Бейімбет Ұлазбекпен» атты бейне жобасын таратуда. Вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, ұжым болып қолдаған бұл бастаманы вокзал кезекшісі, теміржолдағы КТК – көңілді тапқырлар клубының мүшесі Бейімбет Ұлазбек жүзеге асыруда. Өз күштерімен инстаграм желісіне лайықтап дайындаған 1 минуттық арнайы бейнероликтің бірінші нұсқасында вокзалдың алғашқы жолаушылары үшін бейтаныс кіреберіс, шығаберістері таныстырылған. Көрерменді жалықтырмай, тарта білу үшін шағын бейнеүзікке әзіл араластырылған. – Бұл бір жағы өз қызметкерлеріміздің бойындағы әуесқойлық қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытып, қолдау көрсету үшін қолға алынып отыр. Теміржолда қауіпсіздікті сақтап қана қоймай, белсенділігімен, энергетикасымен көзге түсетін таланттар баршылық. Солардың осындай жұмысын инстаграм желісіндегі Nurly_zhol парақшасында салып отырамыз. Сонымен қатар оны басшылықпен келісе отырып, ҚТЖ сайтында да жариялау көзделуде, – дейді Н. Аманжолов. Бейнероликті дайындауда оны кәсіби фото-бейне түсіріліммен қамтамасыз ету, мәтінін дайындау, соны жұмыс формасын киіп, көңілді етіп камера алдында орындау тараздық Бейімбетке еш қиындық келтірмейді. Теміржолшылар династиясынан шыққан ол алғашқы қызметін Жамбыл депосында слесарь болып бастап, былтыр жаңа вокзал ашылғанда осында кезекші болып ауысыпты. Әрине, жаңа заман талабына сай вокзал қызметкері болу үшін арнайы оқытылған.  Ролик мәтінінде ол әуелі өзін таныстыра келе: «Бұл вокзалға келу үшін негізгі екі көше бар, олар: Ахмет Байтұрсынов және Жұмекен Нәжімеденов. Ал вокзалға кіретін 6 кіреберіс бар, олар: 3F, 3G, 4F, 4G және де бірінші, екінші кіреберістер. Негізі вокзалдың алды ол аялдама орналасқан беті», – деп тәптіштей түсіндіреді.  – Жобамыздың келесі санын вокзалдағы жолаушыларды тексеруден өткізетін қызметке  (досмотр) арнағалы отырмыз, не үшін жүргізіледі ол, қауіпсіздік үшін қаншалықты тиімді екеніне тоқталамыз. Өзім теміржолда 2012 жылдан бері еңбек етудемін. Теміржол жайдарманшылары құрама командасының капитанымын.  Атам 42 жыл теміржолда жұмыс істеген, Құрметті теміржолшы белгісінің иегері.  Отбасымызда бәрі теміржолшы. Арман қуып Астанаға келген жастардың бірімін,  Елорданың еңсесін асқақтата түсуге тарыдай үлес қосу – мақсатымыз. Мына жобаны үш жігіт болып жасап жатырмыз, әлеуметтік желіде оқырмандар пікірі жоғары, – дейді Бейімбет.  Ал вокзалдағы негізгі қызметі – жолаушылардың келіп-кетуін қадағалап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көрсету, қажет болса пойызға дейін шығарып салу, мүгедек жандар болса, арбаға отырғызып, вагонға мінгізу, т.т. қысқасы, жолаушыға қызмет көрсету. Оларға қазірде қойылатын талап – үш тілді жетік меңгеру. Сондықтан Бейімбет те шетел тілін меңгеруге ден қойған.

Райхан РАХМЕТОВА

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті