Абайлаңыз, аса көлемді жүк!

Жаңалықтар
30.07.2019, 13:37
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Габаритті жүк тасымалдау бойынша әлемдік рекордты жаңартқан түбек теміржолшылары тағы бір сынақтан сәтті өтті. Өткен аптада Маңғыстау теміржолында көлемі шектен тыс габаритті жүк жөнелту жүзеге асырылды. Ерсай станциясынан және Ақтау портынан Құлсары станциясына дейін жоғары габаритті жүкті тиеп, тасымалдау жұмыстарын су және теміржол көлігі өкілдері үшін абыроймен атқарып шықты.

Маңғыстау ЖТ жол бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітовтің айтуынша, бұл жүктер «Теңізшевройл» ЖШС қажеттіліктеріне арналған. Н-0888 деңгейіндегі, төменгі тұсы габаритті, жоғары және тік бағыты жоғары габаритті жүктерді қабылдау мен теміржол тасымалдауды ұйымдастыру – жоғары жауапкерешілікті талап еткені айтпаса да түсінікті. Мұндай жүктердің тасымалы қозғалысшылардан жоғары біліктілік пен шеберлікті ғана емес, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін аса дәлдікті, сақтықты талап етеді.

– Аталған жүк тиелген пойыз таңертеңгілік Ерсай станциясынан жөнелтілді. Маңғыстау станциясына келген соң пойыз вагондарын тіркеу, ажырату бойынша маневрлік жұмыстар жасалды. Сосын пойыз Маңғыстау-Сайөтес телімі арқылы жөнелтіліп, барлығы 11 бөлек пункттің үстінен өтті. Пойыз күндіз жүріп, түнде сол бекеттердің бірінде тоқтатылды да, ертесіне әрі қарай сапарын жалғастырды, – дейді Е.Бүркітов.

Оның айтуынша, филиалда осындай жоғары габаритті жүктері бар жүк пойыздарын өткізуді ұйымдастыруда оң тәжірибе жинақталған. Мұндай тасымалдар көбіне мұнай кен орындарына керекті техниканы немесе жабдықтарды жеткізу қажет болғанда жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Мәселен, маңғыстаулық теміржолшылар үшін бұл алғашқы тәжірибе емес екенін айта кетейік, олар 2004 жылы 9 қарашада жоғары габаритті жүк тасымалдау бойынша әлемдік рекордты жаңартқан еді. Сол жылы маңғыстаулық теміржолшылар Ақтау портынан Құлсары станциясына көлемі 4 қабатты үймен бірдей жүкті тасымалдауды сәтті жүзеге асырған еді.

Ал биылғы жоғары габаритті жүкті жөнелтуде де ептілік көрсеткен теміржолшыларға Ерлан Бүркітов алғыс білдірді. Атап айтқанда, олардың қатарында пойыз машинисі Қажымұқан Кәрібаев, Берік Құлбарақов, маневрлік тепловоз машинистері Жанболат Жолмағамбетов, Ғидаят Ғасанов, пойыз құрастырушылар Дәулет Мұқашев, Сұңғат Өсербаев, Ұбайдулла Ермаков, Нариман Оразымбетов, станция кезекшілері Амангелді Қайыров, Әлібек Серікұлы, Мақсат Кемаладдин, Жанат Жұмахметова, Мейірбек Балтабаев, Аршагүл Ділжанова, Жанаргүл Ғайсина, Исмаил Әлібеков, Мақсат Төлепов, Азамат Шамир, Жолдас Боранқұлов, Дания Берегенова, Талғат Атшыбаев, Жұмабай Бимағамбетов, Шолпан Бимағамбетова, ДСП операторы Анар Қаражанова, пойыз диспетчерлері Ерхан Есжанов, Есенжол Шабаев, Рахымжан Айтуаров, Шынар Таңатарова және бөлімше бойынша кезекшілер Дархан Нұрмолдин, Саламат Мұқашев сынды өз ісінің кәсіби мамандары бар.

Сонымен қатар А. Иреев, А. Айбергенов, Р. Жұмаханов, Ж. Багитов, Ж. Иксанов, Р. Такенов, Ж. Мұқашов, М. Жүнбасов, М. Берікбаев, А. Жүнбасов, Д. Атшыбаев, Б. Смағұлов, С. Әлжанұлы, Е. Бапанов сынды вагон қараушылар да үлесін қосты.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды