Көлік қызметкерлерінің кәсіби мейрамы

Жаңалықтар
02.08.2019, 15:52
Оқуға 2 мин

Құрметті әріптестер! Қымбатты темір жол көлігінің қызметкерлері!

«Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылығы атынан және жеке өз атымнан Сіздерді Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Темір жол саласы бұл мемлекетіміздің көлік инфрақұрылымының ең маңыздысы болып табылады. «Қамқор Менеджмент» компаниясы барша теміржолшылармен бірлесе отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін стратегиялық тапсырмаларын абыроймен атқаруда.

Осы жылдар аралығында Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесінде компаниямыз «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолы, «Жезқазған-Бейнеу» жаңа теміржол желісі Бейнеу-Шалқар учаскесінің құрылысына, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік маңызы зор жобаны жүзеге асыру аясында «Шу – Алматы 1» учаскесінің екінші желісінің құрылысына қатысып, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта қалпына келтіру жобасына тікелей атсалысып және ойдағыдай атқарды.

Сіздердің осынау үлкен жауапкершілікті талап ететін қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында салаға қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз әрқашан жоғары құрметке лайық. Бұл еліміздің темір жол саласының дамуына қосқан тынымсыз да қажырлы еңбектің жемісі деп білеміз.

Мемлекетіміздің өркендеуіне бағытталған істеріңіз Қазақстанның сенімді болашағының айғағы деп білуге болады.

Бүгінде, еңбеккерлердің жұмыс жағдайын және Қазақстан халқының тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту мақсатында еліміздің экологиялық бағыттарын қолдай отырып, «Қамқор Менеджмент» компаниясының бастамасымен Қөлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында «Қамқор GREEN» бағдарламасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – тек қана кәсіпорынның көгалдануына ғана емес, оған қоса, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буын тәрбиелеуді мақсат тұтады. «Қамқор GREEN» бағдарламасын барша теміржолшылар қолдайды деген сенімдемін. Барлық алға қойылған мақсаттар жүзеге асырылсын.

Құрметті теміржолшылар! Айтулы мерекелеріңіз құтты болсын, алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беріңіздер, ел игілігі жолындағы талаптарыңыз тек табысқа бастасын дегім келеді.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілей отырып, жаңа асулар мен игілікті істерді бағындыруға шын жүректен тілектеспін!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

«Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директоры Диас Сүлейменов 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды