Күзет қызметі қалғымайды: материалдарын қапшықтап ұрлағандар қолға түсті

Жаңалықтар
28.08.2019, 10:55
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір-терсек тапсырып күн көруді әдетке айналдырғандар шойынжол бойына да жетті. Қандыағаш станциясы маңынан жолдың үстіңгі қабатының материалдарын қапшықтап ұрлағандар қолға түсті.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Ақтөбе филиалы Қандыағаш станциясындағы атқыштар командасының жедел әрекет етуінің нәтижесінде күдіктілер қолға түскен. Олар рельс бетіндегі металл бұйымдарды қапшықтап терген. Атқыштар командасының күзетшілері Ақылбек Өтегенов пен Шоқан Бұқарбаевтың қырағылығының нәтижесінде бұзақылар қолға түсті.

«Оқиға осыдан бірнеше ай бұрын болған. Қандыағаш қаласының оңтүстігіндегі теміржол аумағында күдікті болып көрінген екі адамды біздің күзетшілер заттай айғақпен қолға түсірді. Рельс төсемелері, жапсырмалары, әртүрлі бұрмаларын шешіп алған», – дейді Қандыағаш станциясындағы атқыштар командасы бастығының орынбасары Құрманғазы Жалмағанбет.

Қандыағаш атқыштар командасындағы 120 күзетші Атырау бөлімшесіне дейінгі аралықты түгел бақылайды. «Тораптық станцияда жұмыс күрделі. Бекітілген қызмет көрсету аймақтарында қауіпсіздік қатаң бақылауға алынған. Станция, вокзал, байланыс -белгі беру дистанциясы, жол дистанциясы, электрмен жабдықтау дистанциясы секілді теміржол мекемелері де күзетпен қамтылған. Күзетшілеріміз төрт ауысымдық топпен жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз – теміржолдағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрлықты болдырмау. Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендер де біздің бақылауымызда. Бізде теміржол аумағы қоршалған, сондықтан мұндай заңбұзушылық көп тіркелмейді. Жыл басынан бері белгіленбеген жерден өту бойынша Қандыағаш станциясында 4 дерек анықталды. Өткен жылдың жеті айында 14 адам болған», – дейді Құрманғазы Жалмағанбет.

Күзет қызметінің арқасында биылғы жылы Қандыағаш-Шұбарқұдық және Шұбарқұдық-Сағыз аралығында жүк вагондарының ұрлығы мүлде тіркелмеген. Бұл – өте жақсы көрсеткіш.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды