Үздіктер құрметке лайық

Жаңалықтар
31.08.2019, 17:22
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы Жастар жылы аясында елімізде жастар арасында өз саласының үздіктерін марапаттау шаралары жалғасын табуда. Осындай жобаларды қолдап, жүзеге асырып отыратын «Самұрық Қазына» АҚ осы жылы 20 мамыр мен 10 маусым аралығында Қор тобының жас та табысты жұмыскерін үлгі-өнеге ету, сонымен қатар өндірістік сала мамандарын дәріптеу мақсатында «Үздік маман» байқауын ұйымдастырған болатын.

Қазақстанның Ата Заң күні қарсаңында байқау қорытындысы жарияланып, өндіріс үздіктері анықталды. Байқауға 10 компаниядан 30 қызметкер қатысып, олар туралы дайындалған бейнероликтер SKnews сайтында жарияланады. Оларға онлайн режимде дауыс берілді. Соның нәтижесінде іріктеліп, озып шыққан мамандар – өндірісте шыңдалған, жігерлі әрі белсенді жастар.

Байқау жеңімпаздарын «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және тағы да басқа қор құрамындағы мекеме басшылары құттықтап, арнайы марапаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Осы жеңістері арқылы өз кәсібін жетік меңгергенін ғана емес, сонымен бірге еңбек ұжымдарының табысты жұмысын көрсеткен жеңімпаздар қатарында теміржолшылар да бар. Олар: Орал вагон пайдалану депосының вагон қабылдаушысы Дәуренбек Ишимов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалы жолаушылар вагонының жолсерігі Дархан Әнуаров және Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің Көкшетау станциясы бойынша радиобайланыс саласындағы аға электр механигі Александр Ляшенко.

«Самұрық Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов елдің ертеңі, мемлекеттің тірегі осы жастарға зор үміт артылатынын жеткізді. Компанияның «Жас Самұрық» жобасы аясында ұйымдастырылған аталған байқау жеңімпаздарын құттықтау шарасында ол кәсіби ерекшеліктерімен көзге түсіп, компанияның дамуына үлес қосатын жастар қашан да қолдау мен құрметке ие бола беретінін айтты.

«Үздік маман» атағын алып, марапатқа ие болған теміржолшылардың бірі Дәуренбек Ишимов «Самұрық Қазына» қоры атынан 300 мың теңгенің сертификатын алса, қалған екі теміржолшы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының қолынан марапаттары мен 150 мың теңгенің сертификатын алды.

25 жасар ақтөбелік жолсерік Дархан Әнуаровтың саладағы еңбек өтілі 2013 жылдан бері 6 жылды құрайды екен. Осы аралықта «Үздік жолсерік» атанып үлгерген ол осы қызметімен қоса компания басқарма төрағасы жанынан құрылған Жастар кеңесінің осы өңірдегі өкілі, жетекшісі жұмысын атқарады. Теміржолшылар арасында өтетін республикалық жастар форумының жыл сайынғы белсенді қатысушысы, көптеген жобалар мен байқаулардың жүлдегері.

Екінші жеңімпаз – Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің Көкшетау станциясы бойынша радиобайланыс саласындағы аға электр механигі Александр Ляшенко салада 7 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Бұл менің бала кезден бергі арманым, маған ылғи да телефон, радио байланысы қалай жұмыс істейтіні, сигналдар бір-біріне қалай берілетіні, шалғай жерлердегі адамдардың бір-бірімен қалай тез хабар алып, сөйлесетіні қызық болатын», – дейді өзі. Еңбек жолын Жалтыр станциясында бастаған ол кәсібін де жетік біліп, жастар арасындағы шараларда да белсенділік танытып жүр.

Үшінші жеңімпаз Дәуренбек Ишимовтың еңбек өтілі 10 жыл. Теміржол саласын студенттік кезде оқу тәжірибесінде жүріп-ақ жақын біле бастаған ол 2014 жылы «Жас кәсіби маман» байқауында «Вагон шаруашылығының үздік жас маманы» атанған. Мықты білім мен қатаң тәртіпті, зор жауапкершілікті талап ететін салада өз бағы мен кәсібін тапқан ол өз кәсібімен мақтанады. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, соңынан жүлдегерлер үшін Есіл өзенінде теплоходпен серуен және EXPO көрме кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат