25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Шар мен Қарағайлы арасына теміржол салына ма?

Инфрақұрылым
17.02.2026, 09:19
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржол саласында жолаушы және жүк тасымалы бойынша өткен жылы атқарылған іс-шаралар сарапталып, алдағы жоспарлар пысықталуда.

Айта кету керек, соңғы екі жылда қайта құрылған Абай облысының дамуына Семей теміржолы ауқымды үлес қосты дей аламыз. Мысалы, араға 25 жыл салып қайта ашылған «Кіші Түрксіб» балалар теміржолын, құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желісін, сонымен қатар жергілікті тұрғындар үлкен қуанышпен қабылдаған «Семей-Шар», «Ақтоғай-Аягөз» жолаушылар пойызы тасымалын айтсақ та жеткілікті.  

Мәселен, соңғы екі жаңа бағдар мен маусымдық «Семей-Жалаңашкөл» бағытындағы жолаушы пойыздарымен 2025 жылы жалпы саны 71 346 жолаушы тасымалданып, облыстық әкімдік тарапынан 390,8 млн теңге қаржы субсидияланыпты. Бүгінгі таңда жолаушыларды тасымалдау белгіленген кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасып жатыр. Болашақта Дегелең – Семей, Ауыл – Семей станциялары арасында жергілікті жолаушылар пойызы қатынасын жандандыру да қарастырылуда.  

Жуырда Шар станциясында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатымен және облыстағы «Ауыл» партиясының депутаттық фракциясы мүшелерімен кездесу өтті. Осы кездесу барысында Шар станциясынан Қарағандының Қарқаралы ауданының Қарағайлы станциясына дейін жаңадан теміржол желісін салу жөнінде мәселе көтерілді. Әрине жергілікті жұртшылық тарапынан айтылған бұл ұсыныс әлі де жан-жақты пысықтауды, терең зерделеуді қажет етеді. Дегенмен, бұл жобаның оң шешілуі қос облыстың, олардың арасындағы ауылдық елді мекендердің дамуына да зор ықпалын тигізіп, шығыс пен орталық өңірлер арасын жалғайтын төте жол қанша уақыт пен ресурстар үнемдеуге септігін тигізері сөзсіз.  

– Еліміздегі көлік логистикасының дамуына Президент ерекше мән беріп отыр. Экономиканың локомотиві саналатын теміржол саласының дамуы ел қазынасына қосымша қаржы құюмен қатар, теміржол бойындағы елдімекендердің дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына айтарлықтай серпін беретініне күмән жоқ. Сондықтан Шардың болашағы жақсы болатынына сенім мол, – деген халық қалаулысы Жигули Дайрабаев жоба жайында Мәжіліс мінберінен тиісті органдарға депутаттық сауал жолданатынын жеткізді.

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді