Теміржол көлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Әсіресе оқу жылы басталып, балалар ұжымдық жарыстарға, экскурсияларға қатынауы жиілейтін кезеңде ең алдымен санитарлық талапты сақтау талап етіледі.
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары балаларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе күз мезгілінде ішек инфекциялары мен ботулизмнің алдын алуға шақырады.
– Ұйымдастырылған балалар ұжымдарын тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілуі тиіс. Жеткілікті мөлшерде ауыз су және қажетті дәрі-дәрмектер салынған медициналық қобдишасы болуы керек екенін түсіндірудеміз, – деді бас маман Сандуғаш Таңатар.
Мамандар сақтық шараларымен әр жолаушы ақпараттануы қажет деп санайды. Өйткені әрбір жолаушының санитарлық мәдениеті мен жауапкершілігі жұқпалы аурулардың алдын алуға ықпал етеді.