Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026, 16:54
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Құрылтай депутаты Елдос Баялышбаев Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің және «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерімен бірлесіп теміржол вокзалы мен пойызда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету жағдайларымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара барысында теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігіне, мамандандырылған вагондардың техникалық жабдықталуына және ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

Штабтық вагондарда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы купелер қарастырылған. Олар көтергіш құрылғылармен жабдықталған, ал кең тамбур аймақтары мен дәліздер мүгедектер арбасымен еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Купелерде мүгедектер арбасындағы жолаушы мен оны алып жүретін адамға арналған орындар, сондай-ақ арбаны сенімді бекітуге арналған арнайы құрылғылар қарастырылған. Санитарлық тораптар тұтқалармен және ыңғайлы биіктікте орналасқан қолжуғыштармен жабдықталған.

Жол жүру кезіндегі қолайлылықты арттыру мақсатында вагондардың тамбурларында жарықдиодты жарықтандыру жүйесі, сондай-ақ купелерде температураны жеке реттеу жүйесі қарастырылған. Бұдан бөлек, жолаушылардың жеке заттарын сақтауға арналған сейфтер орнатылған.

Жол жүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігі ауа баптау және бейне бақылау жүйелерімен, айналымдағы ауаны залалсыздандыру құрылғыларымен және биодәретхана кешендерімен қамтамасыз етіледі. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін мобильді құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік беретін электр розеткалары мен USB-порттар орнатылған.

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету жағдайларын одан әрі жетілдіру мүмкіндіктері де талқыланды. Елдос Баялышбаев теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.

Теміржол көлігінде кедергісіз орта қалыптастыру жолаушылардың барлығына қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс жағдайларын және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстың маңызды бағыты болып табылады.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті