Болат дөңгелек – тиімді бағамен

Жаңалықтар
03.09.2019, 09:34
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап Украинадан шығарылған тұтас құйма болат дөңгелектерге қатысты демпингке қарсы бажды уақытша алып тастау туралы шешім күшіне енді.

Бұл жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржол ұйымдарының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асқан. Өткен жылдың сәуір айында украиналық жеткізушілердің дөңгелектерге бағаны төмендетуіне байланысты, ЕАЭО елдерінің дөңгелек өндірушілерін қолдау мақсатында демпингке қарсы баж мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылданған еді. Кейіннен теміржол дөңгелектеріне сұраныс артып, өндірістік қуаттар толық пайдаланылғанына қарамастан, өндірушілер оны толығымен қанағаттандыра алмады. Бұл жағдай дөңгелектер құнына теріс әсерін тигізді. Тұтынушылар қажетті мөлшерде сатып алу мүмкіндігінен айрылды.

«Нарықтағы қанағаттандырылмаған сұраныс тек дөңгелектердің ғана емес, сонымен қатар жылжымалы құрамды жөндеудің де қымбаттауына себеп болды. Бұл факторлар теміржол тасымалы бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Әрі теміржол қызметі вагон дөңгелектерін барынша тозығы жеткенше пайдалануға мәжбүр болған. Осы жағдайлар мен баға мониторингінің нәтижелерін ескере отырып, үстіміздегі жылдың маусым айында жаңа демпингке қарсы істі қарау басталды. Нәтижесінде 2019 жылдың 25 тамызынан 2020 жылдың 1 маусымына дейін Украинаның дөңгелектеріне қатысты демпингке қарсы бажды уақытша қолданбау туралы шешім қабылдады», – деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.

Соңғы уақытта бір дөңгелектің құны 100 мың ресей рубліне жетті. Демпингке қарсы шектеу бажының уақытша қолданылмауына байланысты енді теміржол дөңгелектерін Украинадан сатып алу кезінде олардың бағасы 35% төмендеуі мүмкін. 

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат