Ынтымағы нығайған әріптестік

Жаңалықтар
23.09.2016, 17:48
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әлемдік темір жол компаниялары және темір жол машина жасаушыларымен әріптестігін дамыта түспек. Соның бір айғағы – осы жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында Ұлттық компанияның Қанат Алпысбаев басқарып барған делегациясының Германияның Берлин қаласында өткен халықаралық «Inno Trans 2016» көрмесіне қатысуы. Қазақстандық делегация темір жол көлігі көшбасшыларының саммитіне қатысып қайтты. Саммитке әлемнің 50-ден астам елінен өкілдер келіп, болашақта рельстік көлікті дамыту саласындағы өз ұсыныстарымен бөлісті. Форум еуропалық және азиялық жетекші компаниялар өкілдері арасындағы диалогты дамытуға жаңа мүмкіндіктер берді. Саммит қатысушылары сандық технологияларды енгізу, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, темір жол техникасы, белгі беру, байланыстың жаңа үлгілерін, жолдың жоғарғы төсемдерінің материалдарын, рельстік және доңғалақ-құрсау өнімдерін қолдану салалары бойынша білетіндерімен тәжірибе алмасты.  Өзге шетелдік темір жол компаниялардың өкілдері қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне қызығушылық танытқан. Осы орайда, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты өздері өндіретін рельстер, үлгі түріндегі метал жаймасы, сонымен қатар өзге де сұрыпталым атауларын көрсеткен. Берлинде өткен осы шара аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бірқатар темір жол әкімшіліктері және темір жол көлігінің көшбасшыларымен іскерлік кездесулер өткізген. «Ресей темір жолы» ААҚ президенті Олег Белозеровпен келіссөздер барысында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтары бойынша транзиттік жүк ағымын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау, тасымал көлемін ұлғайту» мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Біріккен көліктік-логистикалық компания» акционерлік қоғамы шеңберінде екі жақты ынтымақтастық мәселелері де қаралды. Ал Беларусь, Молдова, Латвия, Украина темір жол әкімшіліктерінің басшылары – В.Морозов, Ю.Топал, Э.Берзиньш, В.Болчунмен кездесу кезінде болашақта темір жол машина жасау, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жайы қозғалды.  «GE Transportation», «Alstom», «Talgo», «Siemens», «Трансмашхолдинг» сынды халықаралық компаниялар  басшыларымен  келіссөздер барысында болашақта темір жол көлігінде машина жасау ісін дамыту мәселесі көтерілді.

Райхан Рахметова

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды