ҚТЖ-ға ешкім жемқорлық жолымен жұмысқа кіре алмайды

Жаңалықтар
01.11.2019, 08:17
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысқа кадрлар іріктеуде ашықтық пен айқындылыққа негізделген жаңа жүйені іске қосуда. Ендігі жерде ұлттық тасымалдаушы компанияға ешкім де жемқорлық жолымен жұмысқа кіре алмайды. Бұл туралы осы аптада өткен арнайы онлайн-брифингте айтылды. Кездесу барысында қызметкерлерді жұмысқа алудағы айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ететін жаңа жоба таныстырылды.

«ҚТЖ компаниясына жұмысқа орналасу кезіндегі тұрмыстық жемқорлықты жою» тақырыбына арналған брифинг спикері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов алдымен тақырып аясында баяндама жасап, артынан журналистер сұрағына жауап берді.

– Әрине, бұл мәселе жүйелі түрде ғана шешілуі мүмкін. Бір ғана жүйемен, ісқимылмен жемқорлықты түпкілікті жеңу мүмкін емес. Мемлекеттік органдар өз тарапынан қатаң жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігімен өте тығыз байланыс-тамыз. Мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын қадамдарға қарап отыра бермей ҚТЖ да жұмыс беруші ретінде өз тарапынан тиісті шаралар қабылдауда, – дей келе С.Әбденов компанияда жұмысқа орналасу кезіндегі әділдік пен айқындылықты қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берді.

Нақтырақ айтқанда, ол бірнеше сатыдан тұратын жаңа жүйемен жұмысқа қабылдау процесін түсіндірді. Бұрын ҚТЖ-ға жұмысқа тұрғысы келген азаматтар қандай бос жұмыс орындары бар екендігі, оның тәртібі, реті жөнінде ешбір ақпарат ала алмайтын болса, қазіргі таңда жаңа жүйе арқылы компанияға жұмысқа тұрамын деген әрбір азамат сайттарға кіріп, керек мәліметіне қол жеткізе алады. Сонымен қатар бұрын жұмыс орнына үміткерлер жеке деректерін кадр бөліміне және тағы басқа тиісті мекемелер бөлімдеріне апарса, қазір өз еркінше сайттар арқылы түйіндемесін, жеке мәліметтерін толтырып қалдыра береді. Бұған қоса бұрын егер сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп, бір азамат екінші адамды жұмысқа тұрғызамын деп айта алатын болса, қазіргі жағдайда жұмысқа тұру үшін бірнеше сатылы кезеңдерден өту керек болғандықтан, бір адамның шешу мүмкіндігі жоқ, сөйтіп жемқорлықтың жолы кесіледі. Ешкім біреуді жұмысқа тұрғызамын деп уәде бере алмайды. Себебі жұмыс орнына үміткер орташа деңгейлі сатыда алдымен білімі мен біліктілігі бойынша сараптамадан өтеді, ол іріктеуден кейін бір жұмыс орнына үміткер болғандар саны қысқарады. Одан әрі іріктеуден өткен азаматтармен сұхбаттасу өтеді. Оның бәрі аудио, бейнежазбаларға жазылып алынады. Барлық шешім орталыққа жіберіледі. Үміткерлерді орталықтағы комиссия өкілдері таңдайды. Бірнеше сатылы бұл іріктеуден өткен азаматтар қай орынға болса да жұмыс істеуге дайын дегенді білдіреді. Осылайша біреуді жұмысқа алуда нақты бір адамның шешім шығарып, пара алуы, осылайша сыбайлас жемқорлыққа жол берілуі мүмкін емес болып қалады. Ал жұмыс орындары туралы мәліметтер көпшілікке кеңінен таныс Hһ.kz, «rabotanur.kz» және Samuryq Qyzmet сайттарға салынып, солар арқылы үміткерлер өздерін лайықты жұмыстарға ұсына алады. Алдағы уақытта жұмысқа орналасудың бүкіл процесін, сайтта тіркеуден бастап қорытынды сұхбатқа дейін, ұлттық компанияның бас кеңсесі бақылайтын болады.

ҚТЖ өз тарапынан кадрлық үдерістердің айқындылығын, ашықтығын мейлінше қамтамасыз етуге сендіріп отыр. Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, қысқа мерзімге қарамастан, жұмысқа орналастырудың жаңа схемасы оң нәтиже беруде. Жарты жыл ішінде 656 қазақстандық өз мамандықтары бойынша жұмыс тауып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық команиясының қызметкеріне айналып та үлгерген. Сондықтан, тәжірибелі заңгер және кадр тақырыбының мықты менеджері ретінде танылған Серік Әбденовтің басшылығымен енгізіліп отырған жаңа жоба шын мәнінде жемқорлықты жоятын жүйе дегенді сеніммен айтуға болатын секілді. Алдағы уақытта осы жүйемен жұмысқа қабылданғандар туралы арнайы мақалалар ұйымдастырамыз. 

Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады