Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады

Цифрландыру
01.10.2026, 15:41
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазан айының 1-2 күндері Алматы қаласында М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің алаңында көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі VII Еуразиялық форум көлік саласы мен салалық ұйымдар өкілдерінің, IT-компаниялар мен қауіпсіздік жүйелерін өндірушілердің басын қосты. Маңызды жиынға қатысқан мәртебелі меймандар қатарында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және 1520 мм жол табаны бар өзге елдердің теміржол әкімшіліктерінің өкілдері болды.

Форумға модераторлық еткен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Корпоративтік омбудсмені Қанат Әлмағамбетов бұл жиынның маңыздылығына тоқталып, жұмысына сәттілік тіледі.  

Форумның негізгі тақырыптарының бірі қауіпсіздік мәдениетіне арналды. Бұл тақырыпта «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов сөз қозғап, ҚТЖ-да қателіктер мен ықтимал қауіптер туралы ашық ақпарат беруді көздейтін «Әділ мәдениет» қағидаты қолданылатынын атап өтті. Оның айтуынша, оқиғаларды  талдау барысында олардың тікелей себептерімен қатар, қауіпсіздікке әсер ететін жүйелік факторлар да қарастырылуда. Қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығы тұрақты жаттығулар мен штаттан тыс жағдайларды модельдеу арқылы тексеріледі.

– Қауіпсіздік тәуекелді дер кезінде байқап, ол туралы ашық хабарлай білуден басталады. Мұндай тәсіл орын алған оқиғаларды талдап қана қоймай, олардың алдын алуға мүмкіндік береді, – деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакенов.  

Форумда ҚТЖ-ның цифрлық трансформациясына ерекше назар аударылды. Компания тасымалдау процесін басқарудың жоспарлау, жедел басқару және бақылау бағыттарын біріктіретін бірыңғай цифрлық ортасын қалыптастыруда. Цифрлық шешімдер жүк және халықаралық тасымалдарда, активтерді басқаруда, талдау мен инвестициялық жобаларды бақылауда қолданылады. Сонымен қатар деректерді қорғау және киберқауіпсіздік бағыттарына да басымдық берілуде. Цифрландыру транзиттік тасымалдарды дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады.  

ҚТЖ шамамен 16 мың шақырым теміржолдың жұмысын қамтамасыз етеді, 2 мыңнан астам локомотив пен 41 мыңнан астам вагонды пайдаланады. Компанияда 118 мың адам еңбек етеді. Жыл сайын шамамен 319,9 млн тонна жүк тасымалданады, жолаушылар айналымы 11,4 млрд жолаушы-шақырымнан асады.

ҚТЖ компаниясы жоғары сұранысты қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілікті сақтау мақсатында алты негізгі бағытты қамтитын кешенді өсу стратегиясын жүзеге асырып жатыр. Олар: Желілік инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту; Транзиттік тасымал көлемін арттыру; Логистикалық желіні кеңейту; Жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту; Цифрландыруды жеделдету; Тұрақты даму қағидаттарын (ESG) енгізу.

Осы бағыттарға қол жеткізу үшін: өткізу қабілетін арттыруға бағытталған инфрақұрылымды дамытып, «тар орындарды» жойып, транзиттік тасымал уақытын қысқартуға;  «Қытай – Еуропа – Қытай» және «Солтүстік – Оңтүстік» негізгі дәліздері бойынша контейнерлік тасымалдарды дамытуға басымдық берілуде; сонымен қатар теміржол арқылы базалық тасымалдардан порттар, құрғақ порттар, контейнерлік хабтар мен сыртқы логистикалық орталықтарды біріктіретін кешенді мультимодальды логистикаға көшу; жылжымалы құрамды жаңартуға;  тасымалдарды жоспарлау, шекаралық бақылау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коммуникациялар үдерістеріне цифрлық құралдарды енгізуге ерекше көңіл бөлініп, операциялық тиімділікке негізделген көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі Жол картасын іске асырылуда.  

– Компанияның тағы бір басым бағыты – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның берік негізі – операциялық қауіпсіздік мәдениетін сақтау. Бұл жүйенің негізінде қызметкерлерді ынталандыру және еңбегін мойындау, ашықтық, тәлімгерлік, қабылданған шешімдердің салдарын түсіну және өзара сенім ахуалын қалыптастыру қағидаттары жатыр. Осы бағытта біз төрт практикалық шараны жүзеге асырып келеміз: олар «Әділ мәдениет» қағидатын енгізу. Қызметкерлер қателіктер мен оқиғалар туралы жазалаудан қорықпай, ашық хабарлай алатындай жағдай қалыптастырамыз. Екінші, кінәліні іздеуден бас тартып, тергеу мәдениетіне көшу. Негізгі назар ақаулардың немесе іркілістердің жүйелік себептерін анықтауға бағытталады. Үшінші, штаттан тыс жағдайларды тұрақты түрде модельдеу.  Бұл – қызметкерлердің кез келген сын-қатерге дайындық деңгейін арттыруға бағытталған тұрақты жаттығулар. Соңғысы, алдын алу шараларына жұмсалатын шығындарды арттыру. Бұл – оқиға орын алғаннан кейін әрекет етуден гөрі, оның алдын алуға бағытталған инвестициялар, – деп атап өтті Марат Шакенов.

Форум аясында көрме ұйымдастырылып, онда көлік-логистика саласындағы әзірлемелер таныстырылды.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл