Тәуелсіздік тойына тарту
Күні кеше Жамбыл өңірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке - 25 жыл» ақпараттық пойызы екі бағытта жолға шықты. Бірі – «Жамбыл-Жуалы-Жаңатас», енді бірі – «Жамбыл-Шу-Шығанақ» бағытын бетке алған пойыздар Тәуелсіздік тойына тарту болмақ.
Ақпараттық топ өкілдері аймақтағы 31 станция мен разъезде болады. Олардың мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы еліміз мен Жамбыл өңірінің жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп өркендеу, атқарылып жатан жұмыстарды шалғай елді мекендер мен станция тұрғындарына жеткізу, медициналық тексеруден өткізу, арзандатылған бағамен ауылшаруашылық тауарларын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Ақпараттық пойыз құрамына облыс әкімдігі басқармаларының қызметкерлері, зиялы қауым, этномәдени орталықтар өкілдері мен ардагерлер, дәрігерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 80 адам еніп отыр. Ал елдік шараның осылай жоғары деңгейде өтуіне «ҚТЖ» ЖТ» АҚ филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесі ұйытқы болды. Ақпараттық топ өкілдерін Жамбыл вокзалында шығарып салу салтанатында сөз алғандар аймақта дәстүрге айналған ақпараттық пойыздар сапарына сәттілік тіледі.
Құрметті теміржолшы, ЖТ-Жамбыл бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағымбек Ақшалов: «Бүгін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған үлкен іс-шараның ортасында тұрғаныма қуаныштымын. Әсіресе, болашақ теміржолшылардың осындай елдік шараны жүрегімен сезіп, ортамызда тұрғаны қуантады. Ақпараттық топ мүшелеріне сәттілік тілеймін» деді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен сала ардагері Сағымбек Ақшалов символикалық күміс қоңырауды соғып, ақпараттық пойызды жолға салды. Айта кетерлігі, пойызға тиелген 90 тонна азық-түлік тауарлары облыс орталығынан шалғай жатқа станция тұрғындарына қол жетімді бағамен сатылады. Ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды