Жіңішке станциясында талап күшейді

Жаңалықтар
15.04.2020, 10:29
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясында жүк пойыздары тоқтаусыз жүріп жатыр. Теміржолшылар жұмысында да еш өзгеріс жоқ. Төтенше жағдай кезінде талап күшейіп, қауіпсіздік шаралары еселене түскен.

Станция бастығы Талғат Сағинов қауіпті індеттің алдын алу үшін жолаушылар тасымалы қызметінің жұмысы уақытша тоқтаса, теміржолшылардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бірлескен күш-жігерімен жүк тасымалдау жүріп жатқанын айтады.

– Коронавирус індетіне байланысты елде енгізілген төтенше жағдайға орай станцияда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жүк жөнелту жұмыстары арнайы алгоритм тәртібімен жүруде. Барлық жұмысшыға гигиеналық заттар таратылды. Станция аумағы дезинфекцияланып, жұмысшылар отырған жерлерге ылғалды тазарту жұмыстары күніне бірнеше рет жүргізіледі, – дейді станция басшысы.

Станцияда күн сайын теміржолшылармен нұсқамалық өткізіліп, індеттің алдын алу шаралары туралы жадынама таратылуда екен. Қызметкерлер үшін маскалық режим енгізіліп, машинистер орталық ауруханада тексерістен өтеді. Жалпы теміржолшылар денсаулығын медицина мамандары қатаң бақылауда.

Сонымен қатар, жолдың екі бетіне де халық жиі шоғырланғандықтан көпшілікпен түсіндіру жұмыстары да тоқтаған жоқ.

«Қазір қалада карантин жарияланғанымен азық-түлік пен қажетін алу үшін ары-бері теміржолды кесіп өтетіндер бар. Сондықтан, қауіпсіздік шаралары назардан тыс қалмақ емес. Тұрғындарға 40-тан аса жадынама таратылып, жолды кесіп өтпек болған бірнеше тұрғынға желілік полиция қызметкерлері тарапынан ескерту берілді» дейді станция бастығы. Ардақ 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды