Мұнайшылар пойызбен тасымалдануда

Жаңалықтар
23.04.2020, 20:06
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Атыраудағы теңіз-кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқан мұнайшылар үйлеріне пойызбен қайтарылып жатыр. Мұнай компаниясы басшылығы жұмысшыларының қауіпсіз тасымалын ұйымдастыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-мен арнайы келісім жасаған.  

Вахтадағы жұмысшылардың алғашқы легін бірінші болып Ақтөбе қабылдады. Өңірде екі мыңға жуық адам мұнайлы қалада вахталық әдіспен жұмыс істейді екен. 22 сәуір күні арнайы күзет пен санитар мамандар 16 вагоннан құралған алғашқы пойызбен 432 мұнайшы-жұмысшыны алып келді. Бұл төтенше жағдай жарияланғалы өңірге келген алғашқы жолаушылар пойызы. Оларды қорғаныш киімдерін киген отыздан аса теміржолшылар күтіп алып, қызмет көрсетті.

"Пойыз тоқтағанда сақтық шаралары күшейтіліп, әр вагонның алдында бірнеше полиция қызметкері тұрды. Вокзалға ешкім кіргізілген жоқ. Жолаушыларды карантиндік госпитальге алып кететін автобус перронға тіке өткізіліп, олар пойыздан түскен бетте автобустарға отыратындай жағдай жасалды. Пойызға қызмет көрсеткен теміржол көлігі қызметкерлерінің бастан-аяқ қорғаныш құралдарымен толық жабдықталуын назарда ұстадық. Вокзал қызметкерлеріне де сақтық шаралары күшейтілді ", – дейді Ақтөбе теміржол вокзалының бастығы Тойбазар Қуанышев.

Мұнай компаниясы арнайы автобустармен жеткізген жұмысшыларды пойызға отырғызу да қатаң тәртіппен жүзеге асқан. Әр бөлімшеден шыққан мұнайшыларды бір-бірімен қоспай, бөлек-бөлек вагондарға, бір купеге тек екі адамнан ғана орналастырған. Пойыз жолшыбай еш жерге тоқтамайды. Атыраудағы мұнай компаниясы аумағынан шыққаннан тек Ақтөбеге жетіп бір-ақ тоқтады.

Мұнай компаниясы мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметі арасындағы келісім осылай болған.

Ал арнайы шыққан пойызбен вахталық жұмысшыларды тасыған жиырмаға жуық жолсерік пен пойыз бастығы, машинистер де облыстық бас санитар дәрігерінің шешімімен коронавирус инфекциясына тексерілген соң пойыз келесі рейс жасау үшін Атырау облысына кері жөнелтілген. Жұмысшылардың келесі легін күтіп алу 24 сәуір күні сағат 18:30ға жоспарланып отыр. Жалпы, қалған 1500-ге жуық ақтөбелік мұнайшылар 1 мамырға дейін кезең-кезеңімен үйлеріне жеткізілетін болады деп жоспарлануда.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды