Теміржолшылар қатарын толықтырмақ

Жаңалықтар
01.06.2020, 21:28
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жыл сайын теміржол көлігі мамандарын дайындайтын жоғары және арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітіріп, бірнеше мың жас теміржолшы мамандығын алады.

Бірақ сол жас түлектердің бәрі бірдей теміржолға келіп, кірпіш болып қаланбайды екен. Тек қызығынан қиындығы көп саланың ыстықсуығына төзе білген шыдамдылары ғана жылдар өте нағыз теміржолшылар болып қалыптасады. 

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжін биыл тәмамдайтын 436 түлек жас теміржолшылар легін толтыруға дайын.

Еліміздің кәсіптік білім беру көкжиегінде елеулі орны бар, бәсекеге қабілетті, ұлы істерге ұйтқы болған білім ордасының тоқсан жылға жуық тарихы бар.

Ширек ғасырдан аса уақыт аймақтағы теміржол, басқа да өндірістік салаларға орта буын мамандар дайындап келген білім ошағы Ақтөбе Жүк тасымалы мен Ақтөбе магистральдық желі бөлімдерімен, аймақтағы басқа да теміржол мекемелерімен, жөндеу секторымен тығыз қарым-қатынас орнатқан, сондықтан жергілікті теміржол мекемелері колледж түлектеріне жұмыс ұсынуға әркез дайын.

«Студенттеріміз теміржол мекемелерінде тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдап жүр. Рухани жаңғырудың жарқын жолы білімде десек, болашаққа заманауи инновациялық ізденісі тың, ақпараттық технологиялары жаңа, материалдық-техникалық базасы бай қара шаңырағымыздың бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлауда мүмкіндігі жоғары, ал бұл істе бізге әрдайым теміржол мекемелері көмекке келетінін – біздің ортақ мүдде жолындағы өзара әріптестігімізді одан әрі баянды ете түседі», – дейді Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры Жеңісгүл Мұхамбетпайзова.

Таяу күндері елдегі карантиндік жағдайға байланысты онлайн емтихан тапсырған бітіруші түлектер диплом алып үлкен өмірге қанат қаққалы отыр. Бірқатар үздік нәтиже көрсеткен студенттер үшін жұмыс орындары дайын, олар биылдың өзінде теміржолшылар қатарын толықтырмақ көрінеді. 


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды