Дінмұхаммед пойызда дүниеге келді

Жаңалықтар
09.06.2020, 11:54
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тағы бір сәбидің кіндігі пойызда кесілді. 4 маусым күні «Ақтөбе-Ақтау» бағытындағы жолаушылар пойызында шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келді.

Ақтөбеден Ақтауға, өз үйіне бара жатқан келіншек жүктіліктің сегізінші айында болған. Толғақ 4 маусым күні таң алдында пойызда отырған кезінде басталады.

Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова жетінші вагонда келе жатқан жүкті келіншектің толғатып жатқанын естіген бойдан жолаушылар арасынан дәрігер іздейді. Ана мен баланың бағына орай, акушер әйел кісі көрші вагонда келе жатқан.

Пойыз басшылығы жүкті келіншекті қызметтік купеге ауыстырып, барлық жағдайын жасайды.

«Әр станция сайын жедел жәрдем қызметін шақырып, ана мен бала денсаулығының қалыпты екендігіне көз жеткізіп отырдық. Себебі жүкті келіншек жолшыбай станциядан түсіріп алуға қарсы болды, неде болса Ақтауға жетіп алуға тәуекел етті. Абырой болғанда еш қиындықсыз жеңіл босанып, шамамен күндізгі сағат 11 шамасында келіншек ұлын бауырына басты. Жолаушылардың арасында акушер болғанына қуандық. Қалай болғанда да әр істі өз маманы жасаған дұрыс», – дейді пойыз бастығы Ботагөз Қиданова.

Ақтөбеден Ақтауға қарай бағыт алған жеке пойызда жолаушылар 100 пайыз толық болған.

Бұл пойыз басшысының жаңа қызметтегі бірінші сапары екен. Бұл қуаныш пен сәттілікті пойыз басшысы құттылыққа балады. Теміржол саласында 14 жылдан аса еңбек ететін Ботагөздің өзі үш баланың анасы. Бір қызығы, осыған дейін жолсерік болып жүргенде Ботагөз үш келіншекті пойызда босандырып алған екен.

«Демек, тәжірибелі акушер-теміржолшымын. Бәрі де аман-есен босанды, олар қыз бала болатын. Жаңа қызметте ұлды болдым», деп әзілдеді. Ендеше, Ботагөзді әріптестері «екінші қызметі акушер», – деп әзілдейтіні де шындық болды дедік.

Жас босанған ана жолдағы станцияда түсіп қалмай, пойыз қызметіне риза болып, діттеген жеріне дейін барған. Ал пойызда дүние есігін ашқан ұлға ата-анасы Дінмұхаммед деп ат қойған. Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді