Талап пен тәртіп қатаң бақылауда

Жаңалықтар
16.06.2020, 07:09
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әлемдік пандемияға қарсы күрес тоқтамаса да індеттің таралуы бәсеңсіп, теміржол қатынасы жанданды. Алгоритм тәртібімен жолаушылар тасымалының қызметі де кезең-кезеңмен іске қосылып жатыр. 10 маусымнан бастап Ақтөбе станциясында тағы үш бағыт іске қосылды. Стратегиялық нысанда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. 

Осыған дейін өңірде №33/34 «Ақтөбе-Алматы-Ақтөбе», №309-310 «Ақтөбе-Маңғыстау-Ақтөбе», №69916992 «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынасты бастаған болатын. Енді олардың қатарын №23/24 «АқтөбеАлматы-Ақтөбе», №691/692 «АқтөбеАтырау-Ақтөбе», №613/614 «АқтөбеОрал-Ақтөбе» бағыттары бойынша жолаушылар пойыздары толықтырды.

– Төтенше жағдайдан кейін жолаушылар пойызы карантин талаптарын сақтай отырып, ішкі рейстерді бастады. Бүгіннен бастап Ақтөбе станциясынан тағы үш жұп пойыз қосылды. Осыған дейін вокзалға күніге 2-3 мың жолаушы келіп-кететін болса, енді халық санының екі есеге артатыны белгілі. Карантин талабы бойынша осыған дейін перронға, пойызға қолында құжаты бар жолаушы ғана өткізіліп келсе, 10 маусымнан бастап, күтіп алушылар мен шығарып салушыларға да кіруге рұқат беріліп жатыр, сондықтан бізге жұмыс көбейді, – дейді Ақтөбе вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев. 

Жолаушылар пойызының іске қосылуымен вокзал тірлігі де қыза түскен. Кіреберісте санитарлық душ, медициналық бетперде тәртібі қатаң сақталған. Сонымен қатар, бір жерге шоғырланбау, белгілі арақашықтықты сақтау талаптары ескертілуде. Желілік полиция қызметкерлері вокзалдың кіре берісінен бастап, пойызға мінгенге дейінгі жолаушылар қозғалысының тәртібін қатаң бақылап тұр.

– Төтенше жағдай кезінде станция аумағында 430-дан аса әртүрлі әкімшілік хаттама толтырылды. Соның ішінде төтенше жағдайды бұзғаны үшін 22 дерек тіркелді. Ұсақ бұзақылықтар да болды. Талап пен тәртіп жұмыстары күшейтілді. Халық та түсіністікпен қарап жатыр. Сол себепті көп жағдайда тек ескертумен ғана шектелеміз, – дейді Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің басшысы Сарбай Сәрсенов.

Желілік тәртіп сақшылары вокзал аумағынан бөлек, пойыз ішіндегі талаптың сақталу тәртібін де қатаң бақылауға алған.

Түсу-міну кезіндегі арақашықтықтың сақталуы және купеден маскасыз шықпау қадағаланады. Егер жолаушының қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінетін болса, жолсеріктер тиісті орындарға бірден хабар береді. Бірақ төтенше жағдайдан кейін іске қосылған жолаушылар қызметінің он күндігінде мұндай жағдай тіркелмеген. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды