«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа Бас директоры тағайындалды

Жаңалықтар
13.08.2020, 12:21
Оқуға 2 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа Бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды.

Темір жол көлігі және халықаралық тасымалдау саласында еңбек өтілі бар П. Штурм, 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол инновациялар мен өзгерістерді енгізудегі жауапты бөлімшелерді басқарды, жылжымалы құрамды сатып алу және қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды енгізу, темір жолдарды пайдалану және т. б. салаларда қызмет атқарды.

Штурм мырза бәсекеге қабілеттілікті және клиенттердің назарын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан барлық өзгерістер жалғасын табатындығына сендірді.

Онлайн режиміндегі өзінің алғашқы аппараттық кеңесінде жаңа басшы «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйым басшыларының жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасына, яғни жолаушылар вагондарын жуу мен жинау және төсек-орынның сапасына баса назар аударды. Сапа менеджментінің жаңа жүйесін енгізу есебінен клиенттерге қызмет көрсету деңгейін арттыру қажет, яғни компанияның бизнес-процестерін жақсарту мақсатында жүйелі қателіктерді үнемі анықтап, жұмыс істеу керек. Жолаушылар пойыздарындағы төсек-орын жабдықтарымен және жұмсақ алмалы-салмалы мүкәммалмен жабдықтау сапасы, сондай-ақ клининг және санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыру бойынша енгізілетін жаңа стандарт мәселелері Компания басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Бас директор «Солтүстік» өңірлік филиалында стандартты жолаушылар вагондарына арналған алғашқы екі дәретхана модулінің демонстрациялық жинағымен танысты. Пойыздардағы санитарлық тораптарды жаңарту, олардың эстетикасын, қолайлылығын және жолаушылар үшін жайлылық деңгейін түбегейлі арттыруға мүмкіндік береді. Дәретханалық модульдерді орнату жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басшы болған Кортюм мырза денсаулығы мен жеке жағдайларына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры қызметінен кетуге шешім қабылдады.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде