Машинист көмекшісі әріптесіне өмір сыйлады

Жаңалықтар
15.09.2020, 10:12
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш локомотив пайдалану депосында маневрлік жұмыс кезінде қауіптің алдын алып, шұғыл әрекетке барған машинист көмекшісі Қайрат Елеусізов марапатталды. Станцияда маневр жасап жатқан тепловоз машинисінің денсаулығы күрт нашарлап, көмекшісі жылдам әрекет жасап аман алып қалған. 

Тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін локомотив пайдалану депосының жауапкершілігі атан түйеге жүк артқандай жоғары. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын локомотив бригадасынан қауіпті жағдайда шапшаң әрі тиімді әрекетке баруы талап етіледі. ТЧЭ-5 - Қандыағаш локомотив пайдалану депосының машинистері осындай тосын жағдайдан шығынсыз шыға алғаны үшін марапатталды. 

Оқиға 22 тамызда болған. Қандыағаш станциясында ТЭМ2-2916 тепловозы маневр жасау кезінде 53 жастағы машинистің денсаулығы нашарлап, тізгінде отырған кезінде есін жоғалтқан. Машинистің жанында отырған көмекшісі Қайрат Елеусізов оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, шұғыл көмек шақырады. Өзі локомотив тізгінін қолға алып, қауіпсіздікті де қамтамасыз етіп үлгереді. 

«Машинист көмекшісі ережеге сай дұрыс әрекет еткен. Кенеттен ауырып қалған машинистке дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Жүргізушісіз қалған маневрлік құрамды тоқтатып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына үлес қосты», – дейді ТЧЭ-5 Қандыағаш локомотив пайдалану депосының басшысы Алмат Мақашев.

Қандыағаш локомотив пайдалану депосы биылғы жарты жылдықта қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, жұмысты жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Ұжымда бүгінде 680 адам еңбек етеді, оның 450-і – локомотив бригадасы.

Депо пандемия уақытында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтап, жұмысты тоқтатқан жоқ. Қызметкерлердің барлығы медициналық бетпердемен қамтамасыз етіліп, локомотивтер бойынша дезинфекция жұмыстары жүрді. Қызметкерлердің денсаулығы күнделікті тексеріліп тұрды. Індет кезінде машинистерге техникалық сабақ жүргізу жұмыстары да тоқтаған жоқ. Барлық оқыту сабақтары онлайн өтті.

Қызметкерлермен кері байланысты тоқтатпау үшін WhatsApp желісі арқылы инструкторлар қосымша топ ашып, әрқайсысы машинистермен сабақ жүргізді. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады