Сауат Мыңбаевтың атынан 20-ға жуық қызметкерлер марапатқа ие болды

Жаңалықтар
04.11.2020, 10:44
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан теміржолында ұзақ жыл еңбек етіп, міндетін мінсіз орындағандар құрметке бөленуі – дәстүрге айналған. Биылғы сала қызметкерлері күніне орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаевтың атынан марапатқа ие болған Ақтөбе жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесінің жиырмаға жуық қызметкеріне наградалары табыс етілді. 

Бүгінде Қазақстан темір жолы – ірі тасымалдаушы ғана емес, экономика саласындағы қазіргі заман талабына сай индустриялықинновациялық көш бастаушы компания. Сондықтан оның қызметкерлері қандай құрметке де болса лайық. Мінсіз адал қызметі, теміржол саласының дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен өңір басшылары үш бірдей майталман теміржолшының омырауына «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін тақты. Соның бірі – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Еңсепов Айдар Мақсотұлы 40 жылдан аса теміржол саласында еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келе жатқан білікті маман. 

Никельтау жол дистанциясының жол мастері Сисенбин Мұханбетсадық Қазиұлы да «Құрметті теміржолшы» атанды. 41 жыл шойын жолдың бойында еңбек еткен майталман маман 22 жыл жол бригадирі болған. 

Келесі «Құрметті теміржолшы» төсбелгісі Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі филиалының қозғалыс ревизоры Орынбай Бауыржан Ермекұлына табысталды. 

«Мен әулеттегі төртінші «Құрметті теміржолшы» атанып отырмын. 

Еңбек бағаланып, осындай құрметке бөлену мерейіңді өсіреді. Әкем тірі болғанда қалай қуанар еді. Әкем, ағам, інім, енді мен Құрметті теміржолшымын. Теміржол қарыштай берсін! Әр теміржолшы осындай марапатқа лайық болсын», – деді қуанышын бөліскен Бауыржан Орынбай. 

Марапатқа ие болған барлық теміржолшының отбасына бақыт, қызметтеріне жеміс тілеген Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшысы шектеулерге қарамастан жылдың ақтөбеліктер үшін жаман болмағанын жеткізді. 

«2020 жыл ерекше жыл болды. Індетке байланысты көптеген шектеулер, өзгерістер болып жатыр. Қашықтан жұмыс жасадық. Сақтық үшін ұжыммен кездесу, марапаттау шаралары кейінге қалдырылды. Індет әлі аяқталған жоқ. Кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. 

Ақтөбе теміржолшылары үшін бұл жылдың жетістігі жоқ емес. Жүк тиеу, жүк түсіру жұмыстарының көрсеткіштері жоғары деңгейде. 

Ақтөбе үшін жылдың ең үлкен жетістігі – Батыс өңіріндегі «Пойыздар қозғалысын басқару орталығының» ашылуы. Елімізде бұрын-соңды болмаған пилоттық жобаның Ақтөбе өңірінен басталуы – бізге артылған үлкен сенім, абырой, мақтаныш. Қазір бес өңірдің диспетчерлері бір орталықта жұмыс жасап жатыр», – деді Ақтөбе ЖТ бөлімінің басшысы Бөріхан Беркімбаев. 

Сонымен қатар, халықаралық қатынастағы темір жол көлігінің тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп, теміржолдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан маңызды үлесі үшін және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігі кеңесінің төрағасы Олег Белозеровтың Құрмет грамотасымен Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі филиалының маркетинг және жоспарлау секторының бастығы Нұрмағамбетова Зәуреш Орынбасарқызы марапатталды. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма басшысы Сауат Мыңбаевтың 2020 жылдың 22 қаңтарындағы №5-Ц бұйрығымен «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Мақсұт Мұрсал және Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сәкен Оранбаев марапатталды. 

Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Сәндібек Аманбаев, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі филиалы Ақтөбе станциясының жүк кассирі Қаламқас Қабекешова және Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бастығы Әділ Құбаев иеленді. Бірнеше теміржолшы Компания басшысының Алғыс хатын алды. 

Шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында өткен салалық жарыста жүлде алған Ақтөбе өрт сөндіру жасағы мен Бершүгір жол дистанциясы да марапатталды. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды