Ақтөбеде «Үздік белгі беруші» байқауы өтті

Жаңалықтар
30.11.2020, 14:11
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе бөлімшесінде «Үздік белгі беруші» байқауы өтті. Техникалық дайындықтың сапасы мен тиімділігін арттыру, білім деңгейін көтеру, стандартты емес жағдайлардағы қызметкерлердің іс-әрекетін бақылау мақсатында өткен шарада 50-ге жуық теміржолшы бақ сынады.

Елдегі індет жағдайына байланысты теміржолшылар арасында өткен байқауда сақтық шарасы ескерілді. Ынта мен жігерді арттыруды көздеген шара жеңімпаздары Ақтөбе ЖТ бөлімі басшысының қабылдауында болды. 

«Қазақстан темір жолы – ірі тасымалдаушы ғана емес, экономика саласында заман талабына сай индустриялық-инновациялық компания. Жолаушылардың қауіпсіздігі, қозғалыс жылдамдығы, жолаушылардың көңіл күйіне дейін тасымалдаушылар жұмысына тікелей байланысты. 

Байқаудың да мақсаты осы.

Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей жауапты белгі берушілердің біліктілігін жетілдіру, ынтасын арттыру», – деді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімінің басшысы Бөріхан Беркімбаев. 

Ақтөбелік теміржолшылар арасындағы үздік белгі берушіні анықтауға арналған байқау 15 қазан мен 15 қараша аралығында өтті. Пойыздардың қозғалысына байланысты жұмысшылар арасындағы біліктілікті бағалау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде филиалдың 46 қызметкері «Poll For All» мобильді қосымшасымен онлайн дауыс беруі арқылы конкурсанттарды іріктеуге қатысты. Дауыс беру нәтижесінде іріктелген 10 белгі берушіге байқаудың 2-кезеңіне қатысуға рұқсат берілді. Олар «Мен – белгі берушімін», «Станциядағы белгі берушінің бір күні», «Белгі беруші – пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбындағы блицсауалнамаға қатысты. Ал үшінші кезеңге өткен сегіз қызметкер «MICROSOFT LYNC» бағдарламасы арқылы оқыс оқиға кезінде тығырықтан шығу жолдарын көрсетті.

Байқау жеңімпазы ең жоғары балл алған 26 жастағы Қандыағаш станциясының белгі берушісі Дәуренбек Жұмабекұлы болды.

«2018 жылдан бері Қандыағаш станциясында еңбек етемін. Жұмысым ұнайды, теміржолшы мамандығын таңдағанымды мақтан етемін. Әскерилендірілген тәртіпке бағынатын теміржолшылар қауіпсіздікке аса сақтықпен қарайды. Мен де соның бірімін», – дейді Дәуренбек.

Байқау қорытындысы бойынша 2-орынды Шалқар станциясының белгі берушісі Ильмира Төпешова иеленсе, 3-орынды Жіңішке станциясының белгі берушісі Ержан Рахымов алды. Байқаудың барлық кезеңдерінде ең жақсы ұпай жинаған жеңімпаздарға дипломдар беріліп, тұрмыстық техника тарту етілді.

Мұндай байқаулар теміржолшылардың кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал ететіні сөзсіз.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды