Көлік қызметкерлері күні аталып өтуде
Тамыз айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Теміржолшылар үшін жеткен жетістіктерді атап өтіп, алдағы міндеттерді айқындайтын есепті күн, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл ретте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2029 жылға дейінгі Даму стратегиясы жобасын әзірлеуге кірісуі осындай ауқымды міндеттерден туындап отырғаны айтпаса да түсінікті. Мақсат – Компанияның шығындарын оңтайландырып, үздіктер қатарынан көріну.
Еңбек ресурстарын қайта құру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға басымдық беріп отырған Ұлттық компания кадр даярлау мәселесіне ерекшеден қойып отыр. Бұл үшін өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер жалақысын көтеріп, нәтижелі жұмыстарына үстемақы төлеу жолға қойылады деп күтілуде. Кадрлық әлеуетті жақсарту негізгі үш бағыт бойынша жүргізілмек. Атап айтқанда, біріншісі, корпоративтік мәдениетті дамыту, ал екіншісі – көшбасшылықты дамыту және үшіншісі – HR- құзыреттілікті дамыту.
Демек, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін ең маңызды мәселе, ең құнды актив – кадрлық потенциал, адам әлеуеті болып қала бермек. Олар отандық экономиканың күретамыры теміржол көлігін дамыту үшін ерен еңбектің үлгісін танытып жүрген қозғалысшылар, диспетчерлер мен станция кезекшілері, жолшылар, вагоншылар, машинистер, жолсеріктер, вокзал қызметкерлері, тағысын тағы жүздеген-мыңдаған сала еңбеккерлері.
Бүгінгідей атаулы күні барша теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ерен еңбегімен ерекшеленген 56 сала майталманы «Құрметті теміржолшы белгісімен марапатталғанын сүйіншілеп жеткіземіз.
Сондай-ақ, 240 адам «Адал еңбегі үшін», 272 теміржолшы «Кәсібі бойынша үздік» атан- са, «Үздік маман» қатары 230 адамға артпақ. 373 сала қызметкері Компания Басқармасы төрағасының Құрмет грамотасына, 542 адам Алғыс хатына ие болады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты 60 адамға табыс етілмек. Ал «Самұрық-Қазына» АҚ 20 сала майталманын Құрмет грамотасымен марапаттайды. 5 теміржолшыға «Еңбек ардагері» медалі табыс етіледі. Барлығы 1798 сала қызметкерінің еңбегі атап өтілген.Марапат құтты болсын, құрметті теміржол тарландары!
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды