SOFT SKILLS бағдарламасымен білім жетілдірді

Жаңалықтар
15.06.2021, 10:36
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалы және НЖС-11 магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері қатысқан екі күндік тренинг өтті. Оған Батыс аймақтық жолаушылар тасымалы бөлімшесінің пойыз және телім басшылары, өндірістік нұсқаушылар, вокзал бастықтары мен кезекшілері, Магистральдық желі дирекциясының Ақтөбе филиалы HR қызметінің қызметкерлері қатысып, Soft skills бағдарламасымен жеке өсудің өзіндік әліппесін және қызмет көрсету саласындағы сервистің элементтерді меңгеріп, сертификаттарға ие болды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ HR бизнес-серіктесі Алма Саулебаева ұйымдастырған екі күндік білім жетілдіру тренингі тәжірибе алмасумен қатар күйзеліске төзімділік, жолаушымен байланыс, жанжалды басқара білу шеберлігі, тиімді коммуникация ерекшеліктері мен жемқорлықпен күрес тақырыптары түсіндірілді. Қарапайым тілде даярланған оқыту бағдарламасын аудитория жеңіл қабылдады. Тренер мен қатысушылар арасында жиі диалогтық байланыс болып, түрлі жаттығулар ұйымдастырылды.

– «Жолаушылар тасымалы» компаниясында жыл соңында аттестация өтті. Жаңа басшылар сервистік қызмет сапасын жақсартуға күш салуда. Аттестация кезінде учаске бастықтары, өндірістік оқыту нұсқаушылары мен пойыз басшыларының білім деңгейі сараланды. Пойыз басшысы жолаушымен байланыстың жоғары деңгейін орната алуы керек. Күйзеліске төзімділік пен түрлі ситуациялық жағдайдан шыға алу шеберлігі маңызды. Сондықтан біз осындай семинарлар өткізуді қолға алдық», – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бизнес-серіктесі Алма Тұрарқызы.

Бүгінде еліміздегі «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметінде барлығы бес мыңнан аса жолсерік бар. Сервистік қызмет көрсету сапасының деңгейі жолсеріктер кәсібилігіне тікелей байланысты. Пойыз басшылары мен жолсеріктердің, вокзал бастықтары мен кезекшілерінің мұндай семинарларға қатысуы қарапайым қатынас арқылы сапалы қызмет түрін қалыптастыратыны сөзсіз. Компания бүгінде вагон паркін жаңартуға күш салды. Жолаушылар вагондары жұмсақ әрі таза төсек-орын жабдықтарымен жаңартылды. Жолаушылар пойыздарының клинингі және санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталуы жөніндегі стандарт бекітілді. «Осылайша жолаушы тасымалы қызметінің сапасы көтеріле береді деп сенеміз. Қазір тренинг өткізетін өзіміздің сертификатталынған ішкі тренерлер бар. Олардың бәрі де теміржол саласында жұмыс істеп жүрген тәжірибелі теміржолшылар. Саланы жақсы біледі. Теміржолшылармен қалай сөйлесуді, олардың бүгінгі жеткен деңгейін біледі. Бұл да өтетін тренингтердің сапасын жақсартады деп сенеміз. Байқағанымыздай, біздің әріптестеріміздің көпшілігі тренингке көп қатыспаған. Кейбір адамдар тіпті бірінші рет келіп отыр», – дейді Алма Саулебаева. Компанияда қосымша білім жетілдіру мақсатында стандарт бойынша видео сабақтар екі видео ролик жолсеріктердің оқу құралына айналып үлгерген. Ал семинардан алған әсерлерімен бөліскен теміржолшылар болашақта осындай семинарлардың көбірек болғанын қалайды. Екі күндік семинар-тренингке қатысқандар жағымды әсер алғанын жасырған жоқ. «Адаммен қарым-қатынасты, сабырлықты, өз кемшіліктерімізбен жұмыс істеуді үйрендік. Әр нәрседен ләззат ала білу керектігін түсіндік. Біз үнемі пойызда жүргендіктен жолаушылардың психологиясын, жағдайын біліп қана қоймай, түсінуіміз де қажет», – дейді №77 «Маңғыстау-Алматы» жолаушылар пойызының басшысы Жасұлан Ержанов. Семинар-тренинг кезінде теміржолшыларға психологиялық кітаптарды оқуға кеңес берілді.

«Егер әр адам күніне кітаптың 7-10 парағын оқып шығатын болса, ол адам жылына 20 кітап оқиды екен. Ал егер адам жылына ең кемі 20 кітап оқымаса, онда ол өзінің дамуын 6 жылға тежейді деген тұжырым бар. Халықпен сөйлесетін адам әрдайым өзін дамытып отыруға тиіс», – деді тренер.

Сонымен қатар, болашақта жолаушылар тасымалы қызметі үш тілде қызмет көрсетуге дайын болу қажеттігі де айтылды. Қазіргі дамыған заманда тіл білетін, жанжақты білімді маманның жолаушымен байланысы да жеңіл болатыны сөзсіз.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды