«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы теміржолшылармен жалғастыруда

Жаңалықтар
21.07.2021, 10:55
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ел аумағында өтіп жатқан «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын теміржолшылар жыл бойы жалғастырып келеді. Жуырда «Жеңіс» жобасының аймақтық үйлестірушілері ТЧЭ-5 Қандыағаш локомотив пайдалану депосының кәсіподақ комитеті, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мүшелері қаланың еріктілерімен бірлесе тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік пакеттер таратты. Кәсіподақ комитетінің мүшесі, депо машинисі Нұрбақыт Құлжұмыровтың айтуынша, Қандыағаш локомотив пайдалану депосының ұжымы қайырымдылық акциясына белсене қатысқан. Теміржолшы еріктілер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне үйшаруашылығына көмектесті. Үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу жұмыстары ерікті жастардың қайырымдылық шарасы кезінде қалыпты атқаратын жұмыстарына айналып кеткен. Теміржолшы еріктілер қол еңбегінен кейін қарттармен әңгімелесіп, уақыт өткізеді. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы тек Жеңіс күні ғана өтпейді. Теміржолшылар қайырымдылық шарасын дәстүрлі түрде бірнеше жыл қатарынан жыл бойы өткізіп келеді. Шара кезінде қарияларға азық-түліктер табысталып, үй шаруасына жәрдемдестік. Кездесудің мақсаты – ардагерлер мен жастарды байланыстыру, патриоттық тәрбиені нығайту. Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қалыптастыру. Қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту», – дейді Нұрбақыт Құлжұмыратов. Қазіргі уақытта Мұғалжар өңірінде 1 соғыс ардагері және 147 тыл еңбеккері тұрады. Акция барысында теміржолшылар мен қала еріктілері 40 ардагердің үйін аралап, әлеуметтік пакеттерді сыйға тартты. «Жеңіс» жобасының аймақтық үйлестірушілері осы бағыттағы жұмыстарын алдағы күндері де жалғастыруды жоспарлап отыр. Олар енді Ембі, Жем қалаларын аралап, ауылдық округтерде тұратын тыл еңбеккерлерін де қуантуды көздеп отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды