Жанболаттың олжасы

Жаңалықтар
10.01.2017, 12:02
Оқуға 2 мин
Өткен жылдың соңында Павлодарда «Жыл машинисі» сайысы өтіп, әр аймақтан ат терлете барған 30 машинистің білім сайысында бақ сынасқаны белгілі. Байқау мақсаты – өз кәсібінде жақсы нәтижеге қол жеткізіп, темір жол көлігінің тиімділігін арттырып,  пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысып жүрген машинистерді анықтау болды. Байқауға Маңғыстау пайдалану локомотив депосының үшінші сыныпты тепловоз машинисі Жанболат Жолмағанбетов те қатысу құрметіне ие болды.      ─ Байқау шарттарына сай ұсынылған тапсырма күрделі болды дей алмаймын. Өйткені, өзімнің күнделікті жұмысымда осындай тапсырмалармен бетпе-бет келетін кездерім болады. Алайда, бір сұрақта бірнеше дұрыс жауаптың кездесуіне аздап шатасқанымды кеш түсіндім, – деді  сайыста «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ президенті О.Кулаковтың Алғыс хатымен марапатталған Жанболат Мұңалбайұлы.  Бәрінен де ұтқандары, байқау барысында басқа да өңірлерден келген әріптестерімен танысып, екі күн бойы барлығы бірге болып, қаланың көрікті жерлерін аралағанымыз болды деп санайды маңғыстаулық машинист. «Тап бір машинистер съезінде болғандай әсермен оралдым елге» дейді.  Байқауда тест сұрақтарының нұсқалары компьютерде құрылып, тестілеу аяқталғанда компьютер тесттің нәтижесін автоматты түрде есептеп шығарған. Нәтижесінде 90 балдан жоғары ұпай жинаған Алматы, Семей, Екібастұз, Бурабай курорты, Жамбыл деполарының қызметкерлері финалға өтіп, 15 қараша күні жарысты одан әрі жалғастырған. Қорытынды есепте I орынды Жамбыл, II орынды Семей, III орынды Бурабай курорты локомотив пайдалану деполарының машинистері иемденіп, жүлдегерлерге өтпелі кубок, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтар табысталыпты. Маңғыстаулық машинист Жанболат осындай ауқымды шараға қатысудың өзі жеңіс, үлкен олжа деп санайды.   

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды