Бүгін құрметті теміржолшы Ертас Бейсбеков өзінің 63 жылдығын атап өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы туған күн иесін құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, темір жолдың дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби деңгейі және ісіне берілгендігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Оның атына көптеген жақсы да мақтау сөздер айтылды. Әріптестері Ертас Бектасұлына зор денсаулық, амандық және өмірдің жаңа кезеңіне өтуде жақсы көңіл-күйде болуын тіледі. Ертас Бейсбеков өмірінің 46 жылын болат магистральға арнады. Еңбек еткен жылдарында ол өзін жоғары білікті және жауапты маман ретінде көрсете білді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Қатынас жолдарының инженері» мамандығы бойынша бітірген. Темір жол көлігіндегі мінсіз қызметі өндірістік учаскелерде слесарь-аспапшы лауазымынан басталды. Маневрлік посттың белгі берушісі, қабылдап-тапсырушы, төбешік бойынша кезекші, пойыздық диспетчер болып жұмыс істеді. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің тау жыныстарын тиеу және түсіру бөлімін, станцияны, үйлестіру департаментін басқарды. Соңғы жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
 Көпжылғы адал еңбегі үшін «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен, теміржол саласының жоғары наградасы – «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.