«ҚТЖ» ҰК »АҚ баспасөз қызметінде Шоқысу станциясындағы жолаушылар пойызы вагондарының зақымдануы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Осы жылғы 9 қыркүйекте Ақтөбе бөлімшесінің Шоқысу станциясында жүк пойызының 26-шы вагонына тиелген кран жебесінің конструкциясы қозғалып кетіп, көрші жолдағы жолаушылар пойызының локомитиві мен вагондарын сырып өткен. Атап айтқанда №77  "Алматы-2 – Маңғыстау" жолаушылар пойызы локомотивінің  шанағы сырылып, буферлік шамы бүлінсе, 13 вагонға түрлі зиян келтірілді. Соның ішінде 2 вагонда терезелер сынған,  2 вагонда тұтқалар жұлынған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы 17 минуттық кідірістен соң қайта жолға шықты. Осы жағдай бойынша тергеу жүргізілуде.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ислам Исламович (@aktobe_tv04)