Ағымдағы жылдың шілде – тамыз және қыркүйек айының 14 күні аралығында еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне "ҚТЖ" ҰК" АҚ 413 вагон сығымдалған шөп жеткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Оның ішінде шілдеде -167 вагон, тамызда – 202 және қыркүйектің екі аптасында – 44 вагон. Қыркүйек айында барлығы 176 вагон жоспарлануда. Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа да станциялардан жөнелтіледі. Тағайындау станциялары-Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқалар. Шөптің негізгі бөлігі "Қазтеміртранс"АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі.