Тәулігіне екі жарым мың вагон келеді
Жеті паркі бар Арыс станциясына өткен жылы күн сайын Шымкент, Сарыағаш, Түркістан бағытынан келген 2489 вагон сұрыпталған.
Бір жылда аталған бекетте 4686 вагон айналымда болса, оның ішінде өңделген транзитті вагондар 2194 вагонға жеткен. 43 жүк пойызы келіп, 44 жөнелтіліпті. Статистикалық жүктеме 103 пайызға жүзеге асыпты. Бір жыл ішінде ұзындығы мен салмағы үлкен 43 пойыз өткен. Станция бастығының орынбасары Мейірбек Мырзахметовтың айтуынша, Арысқа келген пойыздар уақытылы қабылданғанмен, Өзбекстанға баратындар бірден жөнеліп кетпейді. Себебі, қыс басталғалы Шымкент жол бөлімшесінің аумағы бойынша бес мыңға жуық тастанды пойыздар тұр.
– Арыста пойыздар Шымкент, Қарағанды, Шу, Қандыағашпен қатар Өзбекстанның Худжанд, Галаба, Хаваст қалаларына тікелей сұрыпталады. Желтоқсан айында Ташкентке бізден тәулігіне 6-8 пойыз кетіп жатты. Әсіресе, күздегі астықтың уақытында ұзынқұрамды ауыр салмақты пойыздар жинақталатындықтан, пойыздар тұрып қалады. Өйткені, өзбектердің жолдары тек 57 метрге дейін есептелген. Артық алып кетейін десе жолаушылар пойыздары айналып өте алмайды. Сондықтан оларға жөнелтетін пойыздың ұзындығы осы шамада болу керек. Одан асатын болса, бұйрықпен жіберіледі. Сол себептен өзбектер бізден үш пойыз алып, үш жолымызды босатқанмен, төрт пойыз әкеліп төрт жолымызды ұстап қалады. Егер төрт пойыз алып, орнына осыншасын әкелсе жолдарымыз бос болатын еді. Мәселе олардың локомотивтерінің вагондарды аз тартуында емес, талаптарында болып отыр, – дейді станция бастығының орынбасары Мейірбек Әділбекұлы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды