Күрделі жөндеуден өткен Тараз теміржол вокзалы заманауи келбетке ие болды

Тараз теміржол вокзалының бас ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев теміржол вокзалында болып, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Бұл нысан 1986 жылы салынған, соңғы рет жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген болатын. Осы жолы теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарына жергілікті қазынадан 237,0 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Мердігер компания - «Энергетикалық Құрылыс» ЖШС ауқымды жұмыстар атқарғаны көрініп тұр. Екі қабатты ғимараттың шатыры, қасбеті жаңартылып, терезелері мен есіктері заманауи материалдардан жаңадан орнатылған. Су құбыры, кәріз және жылу жүйелері де ауыстырылған.

Ғимараттың уақыт талабына сай жобасы Жамбыл облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының құжаттарымен бекітілген. Жергілікті сәулетшілер ғимараттың қабырғаларын көркем суреттермен безендірген. Сондай-ақ, жаңа билет кассалары орнатылған. Вокзал заманауи бейне-бақылау жүйесімен жабдықталған, нысанда барлығы 74 бақылау камерасы бар.

«Теміржол вокзалы біздің облыс орталығының қақпасы болып табылады. Мұнда тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек, келушілер өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс. Жоғары деңгейде қызмет көрсетілуі қажет. Сондықтан да біз қаржы бөліп, сол үдеден шығуға мүмкіндік жасадық», - деп атап өтті аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы.

Ал Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының уақытша міндетін атқарушы Дүйсенбек Сыдықов жаңғырту жұмыстарының өз деңгейінде қолға алынғанын жеткізді. Барлық шаралар теміржол саласының қағидаттарына сай орындалған. Қазіргі таңда Тараз вокзалы тұрғындар мен қонақтарға, жолаушыларға кідіріссіз, толық қызмет көрсетіп жатыр.

Облыс басшысы енді вокзал аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған