Мерекелік пойыздар мен ұлттық дәмдер жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Наурыз мейрамын күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген №4/3 «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Перронда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алып, наурыздың шуақты атмосферасын сыйлады.

Жолаушылар мен шығарып салушыларға қазақ халқының мәдении мұрасын насихаттайтын домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар — наурызкөже мен бауырсақ тарту етілді.

Мерекелік нақышпен көмкерілген №7553/6811 «Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауда. Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін қатынайтын болады.

Ұлттық мерекелерде жолаушыларды арнайы құттықтау – компания үшін дәстүрге айналған игі дәстүр. Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ түрлі мерекелерге орай пойыздарды тақырыптық безендіріп, жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлап келеді.

Айта кетейік, бұл мерекелік шара еліміздің барлық өңірлерінде өтуде. Пойыз бригадасы мен компания қызметкерлері жолаушыларды пойыз ішінде де, перронда да Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауда.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады