ҚТЖ Алматы-Саратов бағытына жаңа вагондар шығарды

Жолаушылар тасымалы
07.07.2025, 11:32
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жылжымалы құрам паркі 30 жаңа жолаушылар вагонымен толықты, деп хабарлайды Rail-news.kz

Олар Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген және бүгінде №7/8 «Алматы-2 – Саратов» бағыты бойынша жолға шықты. Бұл жаңарту жолаушыларға заманауи әрі жайлы вагондармен жол жүруге мүмкіндік береді.  

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында жолаушылар вагондарын жаңартуды көлік инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында компаниямыз жылжымалы құрамды жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бүгін іске қосылған «Алматы – Саратов» бағытына арналған жаңа вагондар өңіраралық қатынастарды дамытуда маңызды қадам болады», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Жаңа құрамда әр пойызда 10 вагон бар, оның ішінде 5 купелік және 5 плацкарт вагон. Бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалданады. Пойыз жұп күндері қатынайды: Алматы станциясынан сағат 20:00-де шығып, Саратов қаласына бір күннен кейін (Ресей уақытымен), сағат 10:10-да жетеді. Кері бағытта Саратовтан сағат 14:55-те шығып, бір күннен кейін Алматыға (Қазақстан уақытымен) сағат 06:54-те келеді.

Жаңа вагондар халықаралық стандарттарға сай жобаланған. Әр купеде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарық шамдары, бас тірегіштер, гаджеттерін қуаттауға арналған USB порттары және электр розеткалары бар.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы бейімделген купелер мен арбаларға арналған орындар қарастырылған. Сондай-ақ, жолсеріктерді шақыру батырмалары орнатылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.

Соңғы екі жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ отандық өндіруші «ЗИКСТО» ЖШС-дан 318 жолаушылар вагонын сатып алды, олардың 241-і пайдалануға берілді. Соның ішінде 30 вагон Ұлттық тасымалдаушы тарапынан № 7/8 «Алматы-2 – Саратов» бағытына шығарылды. Жаңа вагондар «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Павлодар» бағыттарында да жүріп жатыр. Бұдан бөлек, 2025–2027 жылдары «ЗИКСТО» ЖШС-нің 350 вагоны кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған. Алғашқы 100 вагон биыл жеткізіледі.

2030 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрам паркін 100% жаңарту көзделген.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды