“Алматы-3” теміржол вокзалының құрылысы: Жоба қай кезеңде?

Алатау ауданынының “Мәдениет” шағын ауданынан оңтүстікке қарай жаңа "Алматы-3" жолаушылар вокзалын салу жоспарланып отыр. Жобаға сәйкес, вокзалдың өткізу қабілеті 2027 жылға қарай тәулігіне 1,12 миллион адамға жетіп, 2040 жылға қарай 1,97 миллион адамға дейін өседі, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты BAQ.KZ сілтеме жасап.  

Жаңа "Алматы-3" вокзалы іске қосылған соң, ол "Алматы-2" вокзалының оңтүстік және батыс бағыттардағы жолаушылар ағынын қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дегенмен, "Алматы-1" және "Алматы-2" вокзалдары өз жұмысын жалғастыра береді. Жаңа вокзалдың жолаушылар ағыны 2027 жылы 1,12 миллион, ал 2040 жылы 1,97 миллион адам болады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық мобильділік басқармасы «Алматы-3» вокзалын Бұрындай-Ақсеңгір аралығында салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Вокзал жолаушылар мен жүк тасымалына арналған станция ретінде дамытылады. Құрылыстың нақты мерзімі ТЭН дайын болғаннан кейін белгілі болады.

Бұл жоба аясында қала маңы және қалалық автобустарға, жеңіл рельсті көлікке (LRT), жеке көлік пен таксилерге арналған аялдамалар қарастырылатын көлік-транзиттік торап ұйымдастыру жоспарлануда. Жобаның қаржылық параметрлері, соның ішінде нақты құны, қаржыландыру көздері, мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестиция көлемі ТЭН аяқталған соң айқындалады, — делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар вокзал маңында көгалдандыру аймағы, жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолақтары салынып, коммерциялық нысандар орналастырылады.

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады