ҚТЖ Өзбек темір жолдарымен бірлесіп кезекті «Keruen Express» туристік пойызын ұйымдастырды

Маршрут туристерге екі елдің негізгі тарихи және мәдени объектілеріне  баруға мүмкіндік береді. Осылайша, 130 астам жолаушы Алматыдан «Keruen express» туристік пойызымен «Алматы – Түркістан – Самарқанд – Ташкент – Алматы» бағыты бойынша жолға шықты. Тур 2026 жылдың 1-6 мамыры аралығында жалғасады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Туристік пойыз 4 купе вагонынан және 1 вагон-мейрамханадан тұратын отандық өндірістің заманауи жайлы вагондарынан құралған.

Бес күн бойы турға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Түркістан өңіріндегі Отырар қаласын, Әмір Темір кесенесін және Самарқандтағы Регистан алаңын, Төле би кесенесін және Ташкенттегі хазірет Имам мемориалдық кешенін қоса алғанда, сәулет және тарихи ірі ескерткіштерді аралап көруге мүмкіндік алады.

Туроператорлар ұйымдастырған туристік пакеттің құнына пойызбен жүру, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен туристік бағдарлама, кіру билеттері бар экскурсиялар және трансферлер кіреді.

«Keruen express» туристік пойызының кезекті іске қосылуы теміржол туризмін дамытуға, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын танымал етуге ықпал етеді.

Биыл осы бағыт бойынша бұл екінші туристік пойыз.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады