Жаңғызтөбеден алтын тиелуде

Жолаушылар тасымалы
24.04.2018, 15:36
Оқуға 3 мин
Жарма-Шар телімінің 817,1 шақырымында орын тепкен 3-класты Жаңғызтөбе станциясында жүк тиеу, түсіру шаралары бойынша күтпеген жаңалық орын алды. Алғашқы тоқсанды қорытындылаған жүк тасымалымен айналысатын мамандар бұл оң өзгеріс әлі де тың жетістіктерге жетелейтінін айтады. Бірінші кезекте айта кетсек, алдыңғы жылы аталмыш станция бойынша жүк тиеу ісі 296 вагон, 19 мың тонна болса, бұл көрсеткіш өткен жылы күрт өсіп, 801 пайызға жеткен. Яғни, жүк тиеудегі жетістік 2261 вагонды құрап, 152,8 мың тонна болыпты. Ал енді ағымдағы жылы аталмыш станция жүк тиеуді бұрын-соңды болмаған деңгейге, 7 800 вагон, 526 мың тоннаға жеткізуді жоспарлауда. Оған тапсырыс берушілермен жұмыс нәтижесі ықпал етіп отыр. – Жүк тиеу көрсеткішінің бұлайша еселенуіне өңірдегі «Артель Старателей Горняк» ЖШС-ның өткен жылдың маусым айынан бастап құрамында алтын металы бар сульфидті кен өндіруді қайта жандандыруы болып отыр. Бұл мекеме шахталары 1992 жылы жабылған болатын. Ал енді осынау кен өндірушілер биылғы жылы қарқын алған өндіріс көлемін күрт арттырып, Балқаш станциясына жылына 500 000 тонна кен өнімін жөнелтпек. Бұдан бөлек, Жаңғызтөбеге жақын жатқан Бөке ауылындағы Васильевская кен байыту комбинаты құрамында алтын бар сульфидті кенді Ресейге тасымалдамақ. Жоспар бойынша тасымал көлемі жылына 100 000 тоннаны құрайды, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Төлеуханова. Бір бұл емес, тиелер жүкті еселей түсер тағы бір факті бар. Атап айтсақ, «Алтай минералдары» ЖШС Тарбағатай тауының етегіндегі Маңырақ кен орнынан Ресейдің Алтай өлкесіндегі Серпухово және Кульшарипово станцияларына бентонитті топырақ жөнелтпек. Жоспар көлемі жылына 200 000 тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар, биылдан бастап 2018-2022 жылдарға жоспарланған республикалық маңыздағы Қалбатау-Майқапшағай автокөлік жолы мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізілмек. Қытай шекарасына апаратын бұл тас жолдың ұзындығы 415 шақырымды құрайды. Оның құрылысына арналған темір-бетон бұйымдары мен асфальт битумы, металл конструкциялар мен т.б. қажетті заттар Жаңғызтөбе станциясынан түсірілмек. Себебі, Қалбатау кенті аталмыш станциядан небары 28 км жерде ғана. Бұл ретте «ҚазАвтоЖол» мекемесі құрылыс материалдары мен техникаларын тасымалдау жөнінде келісім жасасып жатыр. Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиевтің айтуынша, жүк тасымалының бұлайша күрт өсуі аталмыш станцияға қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін туғызған. Бұрындары, оңтайластыру кезінде қысқартылған пойыз құрастырушылары қызметке қайта алынуда. Сондай-ақ, қажетсіз деп танылған, бос жатқан бәзбір кірме жолдарда ендігі аралықта жүк тиеген жылжымалы құрамдар жүрісі жанданып, теміржол тіршілігі қайта жандануда. Ал, Семей ЖТ бөлімшесі басшылары тасымал бойынша қызметі күрт жанданған Жаңғызтөбенің кластық дәрежесі жоғарылайтынын айтады. Тек ол үшін екі жыл мерзім керек көрінеді. Қалай десекте, күре жолдың бойындағы Жаңғызтөбенің дәуірі қайта туғаны анық.  

Қуаныш Қожаев, Жаңғызтөбе   

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды