Тәуелсіздік құрдастары: темір тұлпарды тізгіндегендер

ҚТЖ келбеті
23.11.2021, 11:05
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Олар – еліміз егемендік алған жылы дүние есігін ашқан бақытты ұрпақ. Тәуелсіздік таңы атқанда дүниеге келген төртеу – Данияр Сағатбек, Әділхан Сейітов, Мұхтар Әбілхан және Медет Әшімов бүгінде Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинистері. Орда бұзар отыз жастағы жігіттер отандық темір жол көлігінің өркендеуі жолында тер төгіп, теміржолшы кәсібін мұрат тұтқан кешегі аға буынның даңқты жолын абыроймен жалғап келе жатқан жас буын өкілдері. Данияр тепловоз машинисі болса, Әділхан, Мұхтар, Медет машинист көмекшілері. Жас та болса ұжымда сенімге ие болып үлгерген олар Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келгендерін мақтан тұтады. Сонымен қатар, өздерінің кәсіби міндеттерін мінсіз атқаруға тырысады. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұстаныммен кез-келген істе бір біріне көмек қолын созып, кемшілікті дер кезінде жоюға ұмтылады. Тәуелсіздік құрдастары бір күнде тепловоз кабинасына отырған жоқ, бірі алғашқы еңбек жолын слесарлықтан, бірі машинист бригадаларын жұмысқа дайындауда көмекші болып бастап, білім мен тәжірибе жинап, тепловоз тізгініне ие болған.

– Тәуелсіздік қастерлі ұғым. Біздің депода «Тәуелсіздік құрдастары» деп ерекше көңілмен қарайтын бір топ жас әріптестеріміз бар. Олардың әрқайсысының өзіндік орны бар. Бәрі де ұқыпты, еңбекқор жастар. Маған ұнайтыны олар бір-біріне көмектесіп жүреді, қоғамдық жұмыста да елдің алдымен қимылдайтын, бастама көтеретін осы жастар, – деп пікір білдірді депо бастығы Жұлдызбай Мұсаев.

«Біздің депо – аймақтағы ең ауқымды, ғасырдан аса тарихы бар, байырғы депо. Жұмысымыз тасымалдаумен байланысты болғандықтан тепловозды күту, жүргізу, қабылдап-тапсыруда «сен машинист, мен көмекші» емес, тең деңгейде жұмыс атқарамыз. Тәуелсіздікпен қатар өсіп келе жатқан ұрпақпыз. Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі жақындағанда бір жылға есейгенімізді сеземіз де қуанамыз және өзімізге қосымша жауапкершілік жүктейміз. Барлық қиындыққа шыдап, төзуге болады, тек Тәуелсіздіктің тұғыры биік те берік болсын», – дейді тәуелсіз елдің ұландары атынан Данияр Сағатбек.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті