Қазалыда екі бірдей тәжірибелі жолшысы зейнеткерлікке шықты

ҚТЖ келбеті
08.07.2022, 17:28
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бар ғұмырын теміржол саласына арнаған сала еңбеккерін зейнет демалысына құрметтеп шығарып салу – теміржолшылар ұжымында дәстүрге айналған шара. Қазалы жол дистанциясының екі бірдей тәжірибелі жолшысы зейнеткерлікке шықты.

Дистанция бастығы Аманкелді Құсанов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Дастан Әбішевтің ұйымдастыруымен екі жолшыға лайықты құрмет көрсетіп, сый-сыяпатпен шығарып салды. Жол жөндеушілер Қуандық Сарманов пен Тұрар Аяпов ұзақ жылдар осы дистанцияның «отымен кіріп, күлімен шығып» дегендей еңбегі сіңген жандар. Басшылық қос ардагерге адал еңбегі үшін алғыс айтып, олардың өткен өмір жолы мен тәжірибесін жастарға үлгі етті.  

– Теміржолшы деген атқа лайық жұмыс жасап, әріптестеріне үлгі бола білген Қуандық Сарманов пен Тұрар Аяпов біздің ұжымның мақтанышына айналған майталмандар екенін бәріміз жақсы білеміз. Ендігі жерде ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көруіне тілектеспіз. Ал өндірісті ол кісілердің орнын басқан шәкірттері абыроймен жалғастыра береді деп сенеміз, – деген дистанция бастығы қос ардагердің иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып құрмет көрсетті. 

Телім бастығы Әбсағат Құттымырзаев пен жасанды құрылыс шебері Нүркен Қарабалаев сөз алып, бір емес, бірнеше буын жолшыларды тәрбиелеп өсірген қос тәлімгердің еңбегі ерен екенін жеткізді. Әріптестерінің ықыласына риза болған Қуандық Сарманов пен Тұрар Аяпов алғыстарын айтып, алдағы уақытта ұжымның жетістігіне сырттай тілекші болып, қолдап отыратындарын жеткізді. 

Сонымен қатар, осы шара барысында 4, 5,10,11 және 12 өндірістік телім жолшыларымен кездесу өткізген басшылық олардың жұмыс жағдайларымен танысып, пікірлерін тыңдады.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті