Сан қырлы Сабыржан

ҚТЖ келбеті
15.11.2022, 10:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Сабыржан Бекмырзаев – Арыс станциясында отыз жылдан бері еңбек етеді. 1990 жылы пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастап, пойыз құрастырушы болды. Сосын вагон жылдамдығын реттеуші маман ретінде тағы 7-8 жыл тер төкті.

Бір күндері станциядағы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Шорахан Телғозының ұсынысымен оған көмекші болып сайланды. Сол-ақ екен, арыстық теміржолшылардың мұңын жырлап, сойылын соғатын нөмірі бірінші адамға айналып шыға келді...  

Бүгінде ол 40 жастан асқан станция қызметкерлерінен құралған спортшылар командасының спорт секторы. Ал ол жетекшілік ететін спорт секторының футболшылары 2017 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылатын Құрметті теміржолшы Байсейіт Танкеев атындағы футбол турнирінде 2018 жылы 1-орын, ал биылғы турнирде 3-орын алды.  

Сабыржан Сайлауұлы бастаған кәсіподақ мүшелері саламатты өмір салтын ұстанудан бөлек, түрлі қоғамдық істер мен қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болып келеді. Атап айтқанда, станция бойынша зейнет жасына жетпей денсаулығынан айырылған немесе өндірістік жарақат алып көз жұмған 17 азаматтың отбасына қолдау-көмек көрсетуді ең алдымен қолға алады.  

Сол сияқты, қалалық деңгейде ұйымдастырылған түрлі мәдени-танымдық, спорттық сайыстарға да теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етеді. Арыстық теміржолшылардың еңбек демалысында емдеу-сауықтыру орнына барып-қайту жолдамаларын да жүйелі үлестірілуін қамтамасыз етеді. Биылғы жазда осы станциядан зейнетке шыққан зейнеткерлер басын қосып ауқымды спорттық шара өткізгені үлкенге ізет, кішіге өнегелі істің бірі болды.  

Осылай, қоғамдық жұмыс десе ішкен асын жерге қойып жүгіретін кейіпкеріміз биыл сала кәсіподағының 30 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды. Сондай-ақ, теміржолшылар әулетінің белсенді өкілі ретінде Түркістан облысы әкімінің арнайы грамотасына ие болған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды