Ардагерлер Құрметті теміржолшы Қаматай Тоқабаевты еске алды

ҚТЖ келбеті
23.08.2023, 16:42
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Ақмола облысы Аршалы ауданы Бабатай теміржол станциясында Құрметті теміржолшы Қаматай Тоқабаевқа арналған естелік бұрыш ашылды. Темір жол майталманы осы станцияда жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп, басшылық еткен.

Ұлы Отан соғысының ардагері әрі Құрметті теміржолшы Қаматай Тоқабаев осы ауылда туып, өскен және ауылдың көркеюіне үлес қосты. Ол 1942 жылы 18 жасында соғысқа қабылданып, Сталинградт түбіндегі ұрысқа түседі. Ал, 1945 жылдың мамырында Жеңіс күнін Берлинде қарсы алады. Соғыс аяқталғанымен оны елге жібермей Праганы фашистерден азат етуге аттандырады. Осылайша жырақта жүрген қазақ баласы 1947 жылы ғана туған еліне оралып, кейін жарты ғасырдай уақыт темір жол саласында қызмет етеді.

Теміржолшының есімі бұл ауылға кеңінен танымал және осы ауылдың өркендеуі үшін атқарған еңбегі жастарға үлгі. Ардагер 2014 жылы өмірден өткен.  Көп ұзамай Бабатай станциясының қабырғасына Құрметті теміржолшының құрметіне ескерткіш тақта қойылады. Осы жолы балалары мен немерелері жиналып аталған станцияға темір жол майталманының өмір жолына қатысты құжаттар мен деректерді табыстап, естелік бұрышын ашты. Еске алу сапарын телімдік Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сания Әбдірахманова теміржолшының балаларымен бірге ұйымдастырды.  

Салтанатты жиынға Құрметті теміржолшының ұрпақтарымен қатар Ардагерлер кеңесінде бірге жұмыс істеген әріптестері жиналып, ол кісінің еңбектерін сөз етті. Сондай-ақ телім зейнеткерлері игілікті істі атқарғаны үшін С. Әбдірахмановаға алғыс айтып, ісіне табыс тіледі.

«Қаматай Темірбекұлы зейнетке шығып, Ардагерлер кеңесіне келген соң онымен бірге жиырма жылдай жұмыс істеппін. Ол кісі өте талапшыл еді және қай жерде болмасын тәртіптің сақталуын қадағалайтын. Бәріміз кесте бойынша жұмыс істейтін едік. Кішкентай станцияларға дейін барып жағдайларын тексеріп, ондағыларға барынша көмектесетін. Ол кісінің жұмыста болмай қалуы, тіптен бір сағат кешікті деген жағдай мүлде болмайтын. Жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарады. Адамгершілігі мол, жақсы адам еді. Қазір жұмысына бар жан-тәнімен берілген ондай адамдарды табу қиын», – дейді ардагер Дариға Алпашева.  

Станциядан ашылып отырған ескерткіш бұрышы осы ауылда өсіп келе жатқан жеткіншектердің Құрметті теміржолшы жайлы естіп білуіне және оның еңбектерімен танысуына жол ашпақ. Сол себепті де ардагердің ұрпақтары теміржолшыға қатысты деректерді станцияға әкеліп тапсырған.

«Ардагердің есімі Аршалы ауданы, тіптен Астана қаласына да кеңінен танымал, сыйлы кісі болды. Ардагер үнемі қоғамдық жұмыстарға атсалысып, елдің гүлденуі жолында еңбек етті. Оның атқарған еңбегі өсіп келе жатқан жастарға үлгі боларлық, сол себепті бүгінгі естелік бұрыштың ашылуы өте құптарлық іс», – дейді Бабатай ауылының тұрғыны Дәмеш Даниярқызы.  

Құрметті теміржолшының ортаңғы қызы Майра әкесінің өте қайратты адам болғанын, жастайынан соғысқа аттанып, одан келген соң үлкен еңбекке араласып елдің қамын ойлағанын атап өтті.

«Әкеміз 18 жасқа толғанда майданға аттаныпты. Жоғары білімі болмаса да көзі ашық, сауатты адам еді. 90 жасқа келгенге дейін газетті көзілдіріксіз оқитын. Көп жыл осы Бабатай станциясында жұмыс істеп, басшылық қызметке дейін өсті. Оның тағы бір қасиеті адамдарды жақсы көретін, олармен тезірек кездескісі келіп тұратын, сол себепті ерте тұрып жұмысына аттанатын. Ардегерлер кеңесінде жүргенде адамдардың қамын көп ойлады, сол үшін басшыларға кіріп, оларға көмек қолын созуды талап ететін. Сөйтсе басшылар оны «бірбеткей адам, жұмысын бітіріп беріп құтылайықшы» деп азар да безер болады екен», – деп еске алады қызы.  

Қаматай Тоқабаевтың бір ұл, төрт қызы болыпты. Ұлы ертеректе көз жұмған, екінші қызы әке жолын қуып теміржолшы болған, өкінішке қарай ол кісі де қазір бақилық болыпты.  

Салтанатты жиын барысында Ардагерлер кеңесінің өкілдері Бабатай станциясының жұмысына сәттілік тілеп, станция басшысы Виктория Бугинованы  алғысхатпен марапаттады.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл