Тау тұлғалы теміржолшы

ҚТЖ келбеті
09.05.2024, 14:13
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда облыс аумағында 152 588 ардагер есепте тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 11 майдангер болса, 4 092 тыл ардагері бар екен. Санаулы соғыс ардагерінің бірі – теміржолшы Қалмен Мұратұлы.

Жуырда 100 жасқа толған қария қазір Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында тұрады. Өмірінің 35 жылын Арыс пен Бадам станциясы аралығындағы темір жол бойында еңбек етіп өткізген оның зейнетке шыққанына да 40 жыл өтіпті. Бүгінде Қалмен ата мәуелі бәйтерекке айналған тау тұлға. 6 ұл, 2 қызынан 35 немере, 72 шөбере сүйіп отыр. Арыс вагон депосында, Бадам станциясында 1984 жылға дейін еңбек еткен қария бүгінде Бөген ауылында кенже ұлы Батырдың қолында. Елудің бесеуін еңсерген Батыр Әскерилендірілген темір жол күзетінде қызмет етеді.  

1942 жылы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде 8-ші класты бітірген бозбала Қалмен әскер қатарына шақырылады. Әуелі Семейдегі Аягөз станциясында командирлік курста 6 ай оқып, сержанттық шен алады. Сол жылдың желтоқсан айынан бастап 1943 жылдың қазан айына дейін Аягөз маңындағы Сергиополь қалашығында жауынгерлерді соғысқа даярлау, оқу-жаттығу курсынан өткізумен айналысады. Ал қараша айында бірінші Беларусь майданында соғысқа қатысады. Кейіннен Витебск қаласының маңында болған кескілескен шайқаста кейіпкеріміз госпитальға түсіп қалады.  

«Біз Беларусь фронтына келгенде Ржов-Великрук деген сияқты көптеген қалаларды немістер басып алған екен. Жаяу әскер болсақ та жауды шегіндірдік. Мен майданда минометпен жүретінмін. 1944 жылдың ақпан айында соғыс алаңында екі жерден жараландым. Бір оқ білезік буыныма тиіп жарақаттап, ал екінші оқ сұқ саусағымды жұлып кетті. Дзержинский қаласындағы эвакуациялық госпитальде 2 айға жуық жатып, дәрігерлердің №336 шешімімен «ІІ топтағы мүгедек» деп танылдым. Сөйтіп, елге келіп, ақ адал маңдай терімізді төгіп, еңбек еттік. Құдайдың осы күнді көрсеткеніне мың да бір шүкіршілік етемін», – дейді мерейлі жүз жасты еңсерген Қалмен ақсақал.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды