Талабыңа нұр жаусын, Ержан!

ҚТЖ келбеті
30.07.2025, 12:07
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Ел іші – өнер кеніші» демекші, теміржолшылар арасында да неше түрлі өнерпаздар бар. Солардың бірі – Ержан Сағымбаев. Ол қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовты еске алу және шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Сәйгүлік» атты Батыс аймақтық ән байқауының жеңімпазы атанды.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының жөндеу-техникалық телім бастығы Ержан Сағымбаев басқа конкурсанттар сияқты кәсіби музыкант емес, бірақ өнерді бала кезінен сүйіп өскен жігіт.

Байқауда Атырау облысы мен өзге өңірлерден келген 13 өнерпаз гитарамен жанды дауыста және эстрадамен Т.Досымовтың әндерін орындады. Көрермен көңілінен шыққан өнер иелері ақын мұрасын заманауи бағытта насихаттап, байқауға ерекше реңк берді.  

Атыраудың Индер ауданында туған Ержан Жұмабайұлы ән мен жырға әуестігі арқасында мектепте оқып жүріп Махамбет, М.Жұмабаев, Ф.Оңғарсынова, Т.Айбергенов оқуларына қатысып, республикалық деңгейде талай рет жүлделі орындарға ие болған екен. Әкесі Жұмабай Суламалиев – теміржолшы, қазіргі таңда «Болашақ-Атырау» компаниясында нормативтік құжаттар бойынша жетекші маман болып қызмет атқарады.  

Ержан 2014 жылы мектеп бітірген соң Астана қаласындағы АЛТ колледжіне теміржол көлігіндегі автоматтандыру және бақылау мамандығына оқуға түседі де, кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ грантымен Алматы қаласындағы АЛТ университетіне түсіп, 2020 жылы бакалавр, 2022 жылы магистратураны бітіріп шығады. Университетте оқып жүріп  Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6 ай РФ Санкт-Петербург қаласындағы 1 Петр атындағы жол және байланыс университетінде білім алған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаменті ұйымдастырған «100 жас есім» бағдарламасының 3-легінің қатысушысы. Еңбек жолын Қарабатан бекетінде СОБ электромонтері болып бастаған.  

– Конкурстың бірінші кезеңде Табылды Досымовтың сөзіне жазылған «Өмірзая» әнін, екінші кезеңде Есенғали Раушановтың сөзіне жазылған «Ештеңе де керек емес» әнін орындадым. Бала күнімнен Табылды ағамыздың әндерін сүйіп тыңдап, гитарада орындайтынмын. Байқау нәтижесі бойынша ІІІ орынды иелендім. Жалпы өнерді тастаған емеспін. Музыкалық арнайы 

білімім болмаса да осындай жиындар мен концерттерде ән саламын, – дейді Ержан.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды